Петропавлда сот жол көлік оқиғасына кінәлі тұлғадан зардап шеккен тұлғаның пайдасына моральдық өтемақы ретінде 3 млн. теңгені өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 соты моральдық зиян өтемақысын, жол көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыру туралы Б.-ның К.-ге қатысты талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.    

Істі қарау барысында жауапкер көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру шартынсыз екі дөңгелекті мотоциклды жүргізгені анықталды. К. елді мекенде жүру үшін бекітілген максималды жылдамдықты арттыра отырып, басқаруды бақылаудан жіберіп алған және реттелмейтін жаяу жүргіншілерге арналған жолда Б.-ны басып кеткен.

ЖКО нәтижесінде Б. дене жарақаттары мен ауыр соққы алған.

Петропавл қаласының №2 соты азаматтық істі қарап, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 3 201 135 теңгені өндіріп алды, оның ішінде 3 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянның орнын толтыру есебіне, 100 000 теңгеден адвокат пен сотта өкілдің қызметін төлеумен байланысты шығындарға, сонымен қатар 1 135 теңге мемлекеттік баж салығы. Жауапкерден жергілікті бюджет кірісіне 29 865 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндіріп алынды.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі