Павлодар облысында 12 судьяға қызметтік пәтер, ал 6 сотқа - қызметтік автокөлік кілттері тапсырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот Кеңесінің (ЖСК) төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов кеңес жұмысын аша келе, Ұлт Жоспарын орындау барысында жүзеге асырылған сот-құқықтық жаңашылдықтар сот қызметін жоғары сапалы деңгейге арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Есептік кезеңде өңір соттары сот төрелігін жүзеге асыру сапасының деңгейін жақсартқаны туралы айтылды.

Облыстық сот алқаларының төрағалары Ербол Жанғазин мен Бақытбек Бегалиев қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын мәлімдеді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазиннің ақпараты бойынша, 2017 жылдың 6 айында Павлодар облысы соттарына 1 154 қылмыстық іс келіп түсті. Сот ісін жүргізу нәтижесінде 1 179 істі қарау аяқталды. Үкім шығарыла отырып 813 адамға қатысты 715 іс қаралып, соның ішінде олардың 800-і сотталды және 13-і ақталды.

Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде 305 іс қаралды, ал 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 262 іс қаралған болатын. Аталған көрсеткіш 8,6%-ға артты. Бірінші сатыдағы соттар сот төрелігінің сапасын 1,8%-ға жақсартты. 

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев есептік кезеңде азаматтық істер бойынша 26 886 іс пен арыз келіп түскенін атап өтті. 25 977 істі қарау аяқталды. 10 354 іс шешім шығарыла отырып аяқталды. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде қаралған істердің саны 3554 іске арта түсті (2016 жылы -  3159 іс).

Медиация тәртібінде аяқталған істердің талап арыз бойынша аяқталған азаматтық істер санынан 3,2%-ға және қысқартылған істер санынан 24,7%-ға артқаны байқалады.

2017 жылғы 6 айдың ішінде медиация тәртібінде тараптардың татуласуымен 658 әкімшілік іс қаралды. Аталған көрсеткіш 1,3%-ға артты.

Азаматтық іс бойынша шығарылған жеке ұйғарымдар 2,1 есеге өсті. Қылмыстық істер бойынша 1,6 есе, әкімшілік істер бойынша 1,1 есе артты.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін 20 адам жауаптылыққа тартылды.

Сот әдебі жөніндегі комиссия жұмысы туралы облыстық соттың судьясы Бердіғұл Тыштыбаев, Соттар әкімшісі жұмысының нәтижесі туралы басшы Сағит Ахметбеков сөз сөйледі.

Кеңес жұмысын қорыта келе, А.Смолин жаңартылған заңнама жағдайындағы сот жүйесі қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталып өтті. Судьялық лауазымдарға арналған конкурсқа қатысушылардың жалпы отырыстың қорытындысы мен Сот жюриінің шешімін алу тәртібі өзгертілді.

Кеңес жұмысының соңында А.Смолиннің 12 жас судьяға қызметтік пәтердің, 6 сот төрағасына қызметтік автокөліктің кілттерін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Бұл Жоғарғы Сот  пен Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жергілікті соттардың инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жүргізген жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Мұндай қолдау - сот төрелігін табысты жүзеге асырудың қажетті алғышарты.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынға Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұролла Есенжолов ие болды, екінші орын – Ақсу қалалық сотының судьясы Ринат Құрманғалиевке, үшінші орын – Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ғалым Қалдаровқа бұйырды.

Күрделі істер бойынша медиация тәртібінде дауларды шешкені үшін Ақтоғай аудандық сотының судьясы Әсел Қабдрашова, Павлодар қалалық сотының судьясы – Динара Жетпісова, Баянауыл аудандық сотының төрағасы Дулат Салатов, Павлодар және Екібастұз қалалық сотының судьялары Гүлім Асанова мен Нұрлан Қайырбеков құрмет грамоталарымен марапатталды.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі