Маңғыстау облыстық сот 29 команданың арасында ұжымы шағын футболдан ең үздік атанды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, тек дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады», - деген болатын. Осыған орай, қазіргі таңда біздің елімізде саламатты өмір салтын насихаттау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Соның бірі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп, Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Спорт – денсаулық кепілі!» атты спартакиада ұйымдастырды.

Спартакиада облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойындардың бірнеше түрінен өткізілуде.  Соның ішінде облыс бойынша 29 команданың арасында шағын футболдан Маңғыстау облысы бойынша судьялар мен сот қызметкерлерінен құралған облыстық соттың құрама командасы І орынды жеңіп алды.

Команда капитаны Ержан Өсерханұлы Қарабаев бастаған шыныққан шымыр, қайтпас қайсар, жігерлі де намысты, епті де жылдам жігіттер үздік ойын көрсетті. Онымен қоса, мықтылардың мықтысы анықталып, бірқатар ойыншылар арнайы жүлделерді де жеңіп алды. Атап айтқанда, Ақтау қаласы №2 сотының  жетекші маманы Қалжанов Диас «Үздік қақпашы», ал Жаңаөзен қалалық сотының жетекші маманы Зәкір Темірлан «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша деп танылды.

Осыған орай облыстық сот төрағасы жеңімпаз команданы салтанатты түрде құттықтап, спартакиадаға белсенді қатысқан ойыншыларға алғыс жариялады.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі