спорттық іс-шаралар

Маңғыстау облыстық сот 29 команданың арасында ұжымы шағын футболдан ең үздік атанды

23/05/2017

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, тек дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады», - деген болатын. Осыған орай, қазіргі таңда біздің елімізде саламатты өмір салтын насихаттау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Астанада судьялар мен сот жүйесі ардагерлері арасында бильярдтан турнир өтті

02/05/2017

Елордадағы «Астана парк» қонақ үйінің бильярд клубында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған орыс бильярдынан турнир өтті. Іс-шараны Судьялар одағының Жоғарғы Соттағы филиалы ұйымдастырды. Жарысқа Жоғарғы Соттың 16 судьясы мен отставкадағы судьясы қатысты.     

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде отставкадағы судья Әуезнұр Қаженов жеңімпаз атанды. Екінші орынды Жоғарғы Соттың судьясы Рахымбек Мамырбаев иеленсе, Жоғарғы Соттың судьялары Бағлан Мақұлбеков пен Ержан Дәулиев үшінші орынға лайық деп танылды. 

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері шаңғы жарысына қатысты

23/02/2017

Бүгін Астанының Орталық саябағында Жоғарғы Сот судьялары мен еліміздің жоғары сот органының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті. Бұл жарысты республикадағы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің Жоғарғы Соттағы филиалы ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылу рәсіміне Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми қатысты.

Жамбыл облыстық сот Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырды

07/11/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығының қарсаңында Жамбыл облыстық соты кіші-футбол, дойбы, шахмат, сондай-ақ әйгілі әндерді орындау жарысы бойынша спорттық іс-шаралар ұйымдастырды.