Астанада судьялар мен сот жүйесі ардагерлері арасында бильярдтан турнир өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елордадағы «Астана парк» қонақ үйінің бильярд клубында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған орыс бильярдынан турнир өтті. Іс-шараны Судьялар одағының Жоғарғы Соттағы филиалы ұйымдастырды. Жарысқа Жоғарғы Соттың 16 судьясы мен отставкадағы судьясы қатысты.     

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде отставкадағы судья Әуезнұр Қаженов жеңімпаз атанды. Екінші орынды Жоғарғы Соттың судьясы Рахымбек Мамырбаев иеленсе, Жоғарғы Соттың судьялары Бағлан Мақұлбеков пен Ержан Дәулиев үшінші орынға лайық деп танылды. 

Отставкадағы судья Амангелді Рысқалиев «Ең үздік партия», ал «Ең әдемі шар» аталымы бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жүлдегер атанды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мен ілгерілету мәселелері Қазақстан Республикасы Судьялар одағы мен оның филиалдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Атап айтқанда, барлық өңірлерде судьялар мен сот қызметкерлері арасында түрлі жарыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді.  Судьялар одағының Жоғарғы Соттағы филиалы екінші жыл қатарынан өткізген дәстүрлі шаңғы жарысына судьялар мен аппарат қызметкерлері белсенді қатысты.

Тұрақты негізде дене шынықтыру – судьялар корпусының нәтижелі әрі кәсіби жұмысының кепілі.  

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі