Қазақстан делегациясы Францияда өткен ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетінің отырысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасы А.Қ. Қыдырбаеваның қатысуымен Қазақстандық делегациясы Францияда өткен ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетінің отырысында Қазақстанның инвестициялық саясатына Екінші Шолуды салтанатты түрде ұсынды.

Осы презентация қорытындысы бойынша ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөнінде комитеті ЭЫДҰ Кеңесіне Қазақстанды Инвестициялар комитетінің қатысушысы ретінде шақыруды және ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорын бойынша декларациясына қосылуды ұсыну туралы шешім қабылдады. 

Бұндай шешім қабылдауға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бес жыл бойы ішінде жасаған үлкен жұмыс нәтижелерінің, оның ішінде Жоғарғы Соттың осы бағытта Елбасының тапсырмасын іске асырудағы септігі тиді.

Ұлт Жоспарын орындау шеңберінде, заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада алғашқы рет инвестициялық қызметпен байланысты істер бойынша құқықтық айқындылық принципін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инвестициялық даулар бойынша жекелеген іс жүргізу құрылды. 

Осы мақсатта, ағымдағы жылдың басынан қолданысқа енгізілген жаңа Азаматтық процестік кодексімен инвестициялық даулар туралы азаматтық істер инвестордың мәртебесіне сай бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Астана қаласының сотымен, не Жоғарғы Сотпен қаралауы реттелген. Алғашқы рет, Кәсіпкерлік кодексте және «Инвестициялар туралы» Заңда «инвестор, ірі инвестор және инвестияциялық қызмет» ұғым түсіндірмелеріне анықтама берілген.  

Қазіргі кезде, ірі инвесторлардың қатысуымен қаралатын азаматтық істер өздерінің соңғы шешімін небәрі екі сот сатысын өтумен табады: яғни бірінші және Жоғарғы Соттағы кассациялық, ал басқа инвесторлар үшін - үш саты: Астана қалалық сотында бірінші, Жоғарғы Сотта - апелляциялық және кассациялық.  

Сонымен қатар, ең жақсы халықаралық практиканы енгізу үшін Жоғарғы Сот жанынан Халықаралық кеңес құрылды, ол өз кезегінде  ұлттық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша сараптамалық кеңестер береді. Мұндай орган құру жақын және алыс шетелдердегі алғашқы тәжірибе. Кеңес 12 беделді қазақстандық және шетелдік заңгерлерден, ғалымдар мен судьялардан тұрады, олар бір жыл мерзімге сайланады. Кеңесті Жоғарғы Сот Төрағасы басқарады.

2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы аумағында төрелік қызметі барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ, Қазақстанда төрелік шешімдерді тану және орындау тәртібі мен шарттарын реттейтін «Төрелік туралы» Заң қабылданды.

Жалпы, ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетінің Қазақстан бойынша ұсынымы – бұл біздің республикамыздағы инвестициялық климаттың халықаралық ұйымдардың жоғары талаптарына сәйкес екендігінің көрсеткіші. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі