Қарағандыда мәмілені жарамсыз деп тану туралы мәселелерді талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Салық және прокуратура органдарының мәмілені жарамсыз деп тану туралы  талап–арыздарын қарау кезінде туындайтын мәселелер» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы салық департаментінің және оның аумақтық бөлімдері, Октябрь ауданы мен Қазыбек би атындағы аудандық салық басқармаларының, Қарағанды облыстық прокуратурасының өкілдері, экономикалық соттың судьялары қатысты.

Талқылау барысында судьялар тарапынан салық органдарының өкілдеріне мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарын беру кезінде, процессуалдық тәртіп бұзушылыққа жол бермеуіне байланысты салықтық тексеру нәтижелері жөнінде хабарламаларды қараусыз қалдыру туралы, прокуратура органдарының талап арыздары бойынша және қылмыстық сот өндірісі аясында процессуалдық шешімдеріді болмақы жөнінде заңды тұлғаларды тіркеуді жарамсыз деп тану туралы мәселелер  талқыланды.

2014 жылғы 7 ай ішінде Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына салық органдарынан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 45 талап-арыз түсті.

Өз кезегінде қойылған сұрақтарыға Салық департаменті қызметкерлері тарапынан тиісті түсініктер берілді.

 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі