Департамент соттарда құжат айналымын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-сабақ өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар-сабақ соттарда құжат айналымын ұйымдастыру, соның ішінде «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде электрондық іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету мақсатында өткізілді. Бейнеконференцбайланыс арқылы оның жұмысына Алматы қаласының, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстары соттарының кеңсе қызметкерлері қатысты.

Сабаққа қатысушылар іс қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде «Төреліктегі» ақпараттық есептік құжаттардың дұрыстығы, уақтылылығы және толықтығы, соттардың қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану ("Сот кабинеті" сервисі, Істерді автоматтандырылған тәртіппен бөлу, сот отырыстарын аудио, бейнетіркеу) бойынша мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, сот актілерінің уақтылы орындалуы, атқару парақтарын беру тәртібі және сот процесіне қатысушыларға сот құжаттарын жіберу, сот ақпаратына қол жеткізу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар сот ақпаратына интернет-ресурстар мен ақпараттық стендтер арқылы қол жеткізу, жарияланған мәліметтердің толықтығы мен өзектілігі (талап қою арыздарының, шағымдардың үлгілері, мемлекеттік бажды төлеуге арналған деректемелер, байланыс деректері және т.б.), мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы сөз болды.

Іс-шара кезіндегі белсенді әрі сындарлы өзара әңгіме барысында соттар қызметінің мәселелері талқыланып, пікір алмасылды. Семинарға қатысушыларға сондай-ақ «Төрелік» ақпараттық жүйесінде электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын толтырудың тәртібі түсіндірілді. 

Семинар-сабақтың соңында Сот әкімшілерінің басшыларына жұмысты ұйымдастыру және атқарушылық тәртіпті сақтау бойынша бақылауды күшейту тапсырылды.

Источник: 
Департаменттің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі