Жоғарғы Сот коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот бейнеконференцбайланыс арқылы Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Іс-шара "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету саласында біліктілікті арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдысын үйретуге бағытталған.

Мемлекеттік қызметті көрсетуде мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту туралы психология ғылымдарының докторы Лейла Асылбекова кеңінен айтып өтті. Семинар барысында ол мүмкіндігі шектеулі адамдармен, тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарының өкілдерімен қарым қатынас жасау бойынша ұсыныстарымен, теориялық білімімен бөлісті.

Семинардың қатысушылары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша Жоғарғы Сот қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысын, қызметті көрсету сапасы бойынша ішкі мемлекеттік бақылаудың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде корпорацияның өткізуі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану сөз болды.

Тыңдаушылардың онлайн режимде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тыңғылықты жауаптар алуға мүмкіндігі болды.

Қайнар: 
Департаментінің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі