Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті жергілікті сот кеңселерінің қызметкерлері үшін бейнеконференц байланысы арқылы семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинарда электронды ақпараттық есеп құжаттарын қалыптастыру және ҚР сот органдарының БААТЖ бағдарламасында ведомстволық статистиканы жүргізу жөніндегі мәселелер қаралды.

Семинар жұмысының күн тәртібіне статистикалық есепті жүргізудің жалпы сипаты, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық салаларында ведомстволық статистиканы жүргізу, әкімшілік істерді қарау бойынша, сонымен қатар, ҚР сот органдарының БААТЖ бағдарламасының жалпы жұмысы жөніндегі мәселелер енді.

Бұған қоса, семинар жұмысында «Сот құжаттарымен танысу» атты жаңа электрондық ақпараттық сервисін іске асыру мәселелері де сөз болды.

Аталған сервисі логин, пароль, ЖСН-ді енгізу арқылы электронды сот құжаттарын көруге арналған. Логин мен паролді сот процесіне қатысушы азамат өзінің ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама (SMS-хабарлама) арқылы біле алады.

Жолдаған өтініші тіркелгеннен кейін азаматтар өтінішінің тіркелгені туралы талонға ие болады. Сот процесіне қатысушы өзге тараптарға да сот тыңдалымы туралы талон жолданады.

Жедел ақпараттандыру мақсатында сот процесіне қатысушыларға сот отырысына шақыру туралы өтініштіңқаралу нәтижесі туралы SMS жіберіледі.

Сервистегі электронды сот құжаттарын көруге, сақтауға және жүктеп алуға болады.

Бұған қоса, сервис сот кеңселері қызметкерлеріне пошталық хабарландырудан бас тартқан барлық электронды хабарламаларды шолып отыруға мүмкіндік береді.

Семинар жұмысының барысында сот кеңселері қызметкерлері электронды ақпараттық есеп құжаттарын қалыптастыру және өтініштің тіркелгені туралы Талонды беру мен электронды хабарламаларды жолдау бойынша өздерінің сұрақтарына жауап алды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі