Атырауда сот автосалонға автокөліктің иесіне жаңа көлік беруді тапсырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы Г. Атырау қалалық сотына жүгініп, «В» ЖШС-гі және Сақтандыру компаниясына өртеніп кеткен автокөлікті жаңасына ауыстыру және өртті сақтандыру оқиғасы деп тануды сұрады.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, 2016 жылдың шілде айында талап қоюшы «В» автосалынынан «УАЗ 23632-249» маркалы  автокөлігін Банктің несие қаражатына алған. Бір ай өткен соң жүру кезінде автокөлікте от тұтанып, түгелдей өртеніп, жарамсыз болған. Сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайының болмауына сүйеніп, талапкерге сақтандыруды төлеуден бас тартқан. Талапкердің автокөлікті ауыстыру жөніндегі  өтінішін автосалон да елеусіз қалдырған.

Алайда, өрт-техникалық сараптамасы өрттің басты тұтануы мотор бөлігінде басталып, әрі қарай сымдарға жалғасу арқылы шыққанын анықтады.

Сот талаптың бүлінген көлікті жаңаға ауыстыру туралы бөлігін қанағаттандырып, өртті сақтандыру оқиғасы деп тануды қанағаттандырудан бас тартты.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі