Ақтөбе соттарында ақпараттық технологияларды қолданудың алғашқы нәтижелері белгілі болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде брифинг өтті.

Іс-шараға «24 kz», «Хабар», «Рика ТВ», «Қазақстан-Ақтөбе» телеарналарының, «Юридическая газета», «Эврика» газеттерінің, «Тандем» және Қазақ радиосының тілшілері қатысты.

Брифингте БАҚ өкілдері «Сот құжаттарымен танысу», «Талондарды беру және тіркеу», SMS арқылы электронды хабарлау, сондай-ақ «Сот кабинеті» электронды сервистерімен танысты. Бұл жобалардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін айтарлықтай жеңілдетіп, сот жүйесінің халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады.

Мәселен, талон беру жүйесі арқылы бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы бойынша 786 тіркеу талоны берілген. Ақтөбе қаласының тұрғындары В.Чебан мен А.Нұрхасанова бұл жүйенің өте ыңғайлы екендігіне тоқталып, өз ризашылықтарын білдірді. Олар жаңа технологиялар сотпен өзара байланысты барынша жеңілдетіп, құжат айналымын кез келген уақытта бақылауға болатындығын айтты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі