Ақтөбе қалалық соты талапкердің бұрынғы лауазымына орналасу құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында О.Бекмағанбетовтың «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының «Батыс» жолаушылар тасымалының аумақтық бөлімшесі шығарған бұйрықтарын заңсыз деп тану, жұмыс орнына қайта орналасу және амалсыз бос жүрген уақытқа жалақы өндіру туралы талап арызы қаралды.

Талапкер О. Бекмағанбетовтің сотқа шағымдануына мекеме директорының 2013 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылуы және 2014 жылғы 2 сәуірдегі бұйрығымен жолаушылар пойызы Маңғышлақ учаскесінің бастығы лауазымынан босатылуы себеп болған.

Сот талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырды. Жүргізілген тексеріс нәтижесіне сәйкес сот бөлімше директорының 2013 жылғы 30 қазандағы және 2014 жылғы 2 сәуірдегі бұйрықтарын заңсыз деп танып, күшін жою туралы шешім қабылдады.  

2014 жылғы 17 наурызда нұсқаушы А.Жұмағалиев толтырған тексеріс актісі жарамсыз деп танылды.

О.Бекмағанбетов 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап бұрынғы қызметіне қайта орналастырылды. 

Сот «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамынан  О. Бекмағанбетовтың пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына 941 040 теңге жалақы, 20 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі