Дәлелдемелер расталмаған деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы бір іс бойынша сот  актілерінің күшін жойды, екіншісінде – сотталғанның әрекеті онша ауыр емес айыпқа қайта сараланды.

 

А.Шмунгтің ісі бойынша.

Шмунг есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатып алуға, сақтауға және өткізуге кінәлі деп танылды,бірнеше рет (ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 2, 3-тармақтары). Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кассация істі зерделей келе, салмағы 9,45 грамм (ірі мөлшерде) гашишті сатудағы Шмунгтың кінәсі дәлелденген және күмән тудырмайды деп есептеді. Есірткіні бақылау арқылы сатып алудың бейнежазбасы, бүркеншік есімді куәгердің жауаптары, сарапшының қорытындысы бар.

Сонымен қатар, Шмунгтің тұрғылықты жерінде  аса ірі мөлшердегі есірткінің (872,55 грамм гашиш және 1545,01 грамм марихуана) табылу фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелмеген. Сондықтан, осы ретте алынған дәлелдемелер расталмаған деп танылды.

Осыған орай кассация Шмунгтің әрекетін ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігіне қайта саралап, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

 

А.Вагиннің ісі бойынша.

Вагин бас бостандығынан айыру орнынан қашқаны үшін (ҚК-нің 426-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот жаза мерзімін өтеу барысында Вагиннің қауіпсіздігі төмен мекеменің аумағынан шығып кеткенін анықтады. Ол келесі күні таңертең ұсталған.

Бұл жағдайдың орын алғанын тараптар жоққа шығармайды.

Алайда, сот Вагиннің қашып кету ниеті болмаған деген уәждерін тексерген жоқ. Ол әпкесін көріп, татуласу үшін мекеме аумағынан шықты. Мекемеге оралған кезде ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, Вагин мекеме ғимаратының жанында ұсталған. Мекеме аумағын өз бетімен тастап кеткені үшін ол тәртіптік жазаға тартылған.

Қылмыстық заңға сәйкес қашудың мақсаты – сотталушы басқа мақсатта, мәселен, туыстарын көру үшін әкімшіліктің рұқсатынсыз мекемеден шыққаннан  айырмашылығы бас бостандығынан айыру орнын өз еркімен тастап кету.

Кассация іс материалдарын зерделей келе, сот актілерінің күшін жойды. Осыған байланысты іс жаңадан қарауға жіберілді.

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі