Архив событий

03/12/2021

Инвесторлардың мүддесін сотта қорғау туралы

03/12/2021

Жоғарғы Соттың судьясы Аслан Түкиев «Әкімшілік іс жүргізуде инвесторларды қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьялары Нұржан Қайыпжан, Ирина Калашникова, Жанна Ермағамбетова, Дана Токмурзина, Герман Нұрбаев пен Берік Нажмиденов қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды

03/12/2021

Президенттің 2021 жылғы 30 қарашадағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Манат Ғалымұлы Көміршіновты ұжымға Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин таныстырды.

Кездесуге алқа төрағалары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық соттың судьялары, соттар әкімшісінің басшылығы, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

АҚШ Елшілігінің өкілі Д.Аллен Қазақстан сот жүйесінің реформасымен танысты

03/12/2021

Жоғарғы Сотқа АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі саяси бөлімінің меңгерушісі Дэвид Аллен келді.

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылары мейманды Жоғарғы Соттың азаматтарды қабылдау, Коммуникация және Ахуалдық орталықтарының, Жобалық офисінің жұмыс алгоритмімен таныстырды.

Аллен мырзаға республика судьялары жүргізіп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмысы, сот менеджментін жетілдіруге бағытталған талдамалық қызмет, сот жүйесі мен сот ісін жүргізуді жаңғырту бойынша жобалық жұмыстар туралы ақпарат берілді.