Архив событий

06/12/2021

Жоғарғы Соттың жобалық кеңсесі тағы да үздік деп танылды!

06/12/2021

«Qazaqstan Project Management Awards – 2021» ІІ ұлттық байқауының қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясында жеңімпаз деп танылды. Бұл біздің команданың алғашқы жеңісі емес – өткен жылы біз «Үздік жоба» номинациясында жеңімпаз атанған едік.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектордан, бизнестен, жоғары оқу орындарынан, ҮЕҰ-дан 300 үміткер жобаны басқару құралдарын тиімді әзірлеу және қолдану бойынша баяндамаларын ұсынды. Қазылар алқасы осы есептерді жарты жыл бойы зерделеді.

Жоғарғы Сот аппараты Кәмлет Бейісовты зейнеткерлікке құрметпен шығарып салды

06/12/2021

Жоғары сот органы аппаратының басшылығы зейнеткерлікке шығуына байланысты Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Ішкі аудит бөлімінің басшысы Кәмлет Бейісовке құрмет көрсетті.

Департамент басшысы Наиль Ахметзакиров Кәмлет Баяхметұлының  көп жылғы еңбек өтілін, жоғары біліктілігін, сонымен қатар тұлғалық және іскерлік қасиеттерін атап өтті.

Әр жылдары К.Бейісов қаржы және құқық қорғау органдарында, соның ішінде Кедендік бақылау комитетінде және Бас салық инспекциясында басшылық қызметтер атқарды.

Жоғарғы Сотта үстел теннисінен турнир өтті

06/12/2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жоғарғы Сот Аппараты қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және корпоративтік рухты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Департамент басшысы Наиль Ахметзакиров теннис турнирін ашу рәсімінде: «Спорт мерекесін Тәуелсіздігіміздің мерейтойы шеңберінде өткізіп отырмыз. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде ұжымның салауатты өмір салтын ұстануға деген құштарлығы артып, бірлігі бекемделіп, рухани күші нығая түседі», - деді.