Архив событий

29/12/2021

Сотталғанның әрекеті қайта сараланды

29/12/2021

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы отырысының нәтижесінде бір іс бойынша сот актілерінің күші жойылды, екіншісінде – сотталушының әрекеті онша ауыр емес айыпқа қайта сараланды.

Толығырақ.

 

А.Баталовтың ісі бойынша.

Сот үкімімен Баталов кісі өлтіруге оқталу (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылған. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Кассация істі зерттей келе, адам өлтіру ниетінің болуы нақты дәлелдермен расталмаған деген қорытындыға келді.

Сот жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті

29/12/2021

Отырысты ашқан Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов жиынға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол роботтық сот төрелігінің келешегін талқылауға және жасанды интеллект элементтерін енгізуге баса назар аударылғанын атап өтіп, Цифрлық үкімет кеңсесінде кездесу өткізудің символдық мәні барын айтты.