Архив событий

08/12/2021

Оралда әкімшілік әділеттің қағидалары талқыланды

08/12/2021

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Америкалық адвокаттар қауымдастығы (Заң үстемдігі), USAID, GIZ және Неміс ынтымақтастығымен бірлесіп, әкімшілік даулар бойынша ағымдағы сот практикасының мәселелерін талқылады.

50-ге жуық мемлекеттік орган мен бизнес өкілдері, заңгерлер, ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды.

Каспий университетінің Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры Роман Подопригора мен GIZ заң жобасының ұлттық үйлестірушісі Алмат Ғаббасов осы бағыттағы статистика, негізгі тенденциялар және шағымдардың ерекшеліктері туралы айтты.

Түркістанда облыстық соттың жаңа ғимаратының құрылысы басталды

08/12/2021

Іс-шараға Жоғарғы Соттың Департамент басшысы Наиль Ахметзакиров, оның орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов, Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Миятбеков және облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев қатысты.