Архив событий

10/12/2021

Наиль Ахметзакиров Жамбыл облысы соттарының жұмысымен танысты

10/12/2021

Жоғарғы Сот Департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Жамбыл облыстық сотының жаңа ғимаратында болды.

Аумағы 8 мың шаршы метрді құрайтын облыстық соттың заманауи төрт қабатты ғимараты үш ай бұрын пайдалануға берілген. Ғимаратты жобалау кезінде сот төрелігін жүзеге асырудың барлық стандарттарына сәйкес келетін сот ерекшеліктері ескерілген. Ғимаратта фронт-офис, күту залы, 6 сот мәжіліс залы бар. Сонымен қатар, медиатор, прокурор мен адвокаттардың жұмыс бөлмелері қарастырылған. Ғимарат алдында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифт орнатылған.