Жоғарғы Сот Департаменті

Қ.Мәми сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлерін алдағы мерекелермен құттықтады

04/05/2017

Жоғарғы Сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға судьялар және жоғары сот органының ардагерлері, сондай-ақ Департаменттің қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

29/04/2017

Жоғарғы Соттың 45 судьясы мен 200 қызметкері елорда әкімдігі ұйымдастырған «Қаламызды тазалайық!» атты сенбілікке қатысты. Іс-шараға Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми де қатысты.

Жоғарғы Сот пен Астана қалалық соттары ғимараттарының маңында жоғары сот органының өкілдері 200-ден астам қайың, шырша, алма, мамыргүл, терек көшеттерін, сондай-ақ, 200-ден астам бұталарды отырғызды.

Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Жаңа сот актілерінің банкі» атты сервис іске қосылды

05/01/2017

Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсындағы «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Оның міндеті – сот процесінің қатысушылары мен олардың өкілдеріне құқықтық шектеулерді ескере отырып, барлық сот сатыларының сот актілеріне рұқсат беру. Осы сервистің жұмыс істеуінің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды.

Тәуелсіздік күні қарсанында сот жүйесінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді

15/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсанында, Жоғарғы сот департаментімен және Астана қаласасында орналасқан соттармен қайырымдылық акциясыжасалды.

Акция шеңберінде сот жүйесінің қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмеккөрсетті.

7 баланының анасы, «Алтын алқа» кеуде белгісінің иегері Марияш қала шетіндегі ауданында тұрады. Отбасының материалдық жағдайы төмен, меншігінде баспанасы жоқ. Қазіргі уақытта жатақханада бөлме жалдап тұруға мәжбүр.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы туралы

05/12/2016

Жоғарғы Сотымен халыққа "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Алматы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімдерінің қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Татуластыру рәсімдерін бұдан әрі дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру

23/07/2016

Мемлекет басшысының 2013 жылғы қарашада өткен судьялардың алтыншы съезінде қойған тапсырмасының бірі оңайлатылған іс жүргізуді және татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану болды, жекелеп айтсақ медиация институтын енгізу, нотариустың атқарушылық жазбасын жасау.

Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті

05/07/2016

Жоғарғы Сотта өткен кеңесте жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бұрынғы басшысы Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтады.

Облыстық соттарда Астана күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті

05/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында алдағы Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов бұл мереке қазақстандықтар бірлігінің үлгісіне, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің нышанына айналғанын атап өтті.

Электронды сот құжаттарының түпнұсқасы QR-код арқылы расталатын болады

04/07/2016

Баршамызға мәлім, кейбір азаматтар онлайн-қызметтерді тұтынуға әлі күнге дейін күмәнмен қарайды. Дей тұрғанмен, «Сот кабинеті» сервисі тұтынушыларының саны күн өткен сайын артып келеді және қазіргі таңда республиканың сот органдарына 809 мыңнан астам талап арыздар, өтініштер мен өзге де құжаттар электронды нұсқада келіп түскен.

Беттер