Жоғарғы Сот Департаменті

Жоғарғы Сот ұжымы Қанапия Омархановты зейнетке шығарып салды

08/10/2018

Бүгін Жоғарғы Сот аппаратының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қанапия Омархановты зейнетке шығарып салуға байланысты салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Департамент басшысы Нұрсерік Шәріпов іс-шараны аша келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асановтың алғыс хатын оқып берді. Онда тәуелсіз Қазақстанның сот төрелігі жүйесін дамытудағы Қ.Омархановтың елеулі үлесі атап өтілген. 

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

22/09/2018

Жоғарғы Соттың 50 судьясы мен 200 қызметкері елорда әкімдігі жариялаған санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық айлық шеңберіндегі жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Ауа-райының салқындығы мен күн көзінің бұлыңғырлығы сенбілікке қатысушылардың ынта-жігерін сейілткен жоқ. Осы күні жоғары сот органының өкілдері Сығанақ көшесінің бойында қайың мен шыршаның 160 көшетін отырғызды. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот ғимаратының аумағында да тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтен өтті

27/07/2018

Семинар-тренингті Мәскеудің риторика және шешендік өнер университетінің жаттықтырушы-лицензиаты Жанна Ибраева жүргізді. 

Тренинг судьялар корпусының азаматтармен тиімді өзара іс-қимылын құру үшін қажетті коммуникациялық дағдыларды дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

«Жария образды құру – халықтың спикерге деген пікірін, сенімін қалыптастыратын құралдардың бірі. Өз ойыңды сұхбат беру, әлеуметтік желідегі жеке парақшаңды жүргізу арқылы жеткізу –бүгінгі таңда спикер өмірінің ажырамас бөлігі», - деді Ж.Ибраева. 

«Сот кабинеті» сервисі арқылы арыздың тағы бір түрін жолдауға болады

24/07/2018

«Сот кабинеті» сервисін дамыту аясында Жоғарғы Сот электронды түрдегі арыздың тағы бір түрін - «Заңды күшіне енген сот актісін/сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс енгізу жөнінде өтінішхатын» іске қосты.

«Сот кабинетінің» дизайны жаңарды

18/01/2018

Дизайны жаңарған «Сот кабинеті» сервисінің барлық қолданушыларына Жоғарғы Соттың «Сот актілерінің банкі», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестесі», «Хабарламаға сот құжаттарын көру» және «Сотқа шақыру қағазы секілді онлайн-сервистері авторизация жасамай-ақ қолжетімді болып отыр. 

Жаңа дизайнда қолданушыларға барынша ыңғайлы болуы үшін арыздарды, шағымдарды, өтініштер мен өтінішхаттарды беру тәртібі өзгеріссіз қалды.

Жоғарғы Сот құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызметін көрсету процесін оңтайландырды

12/01/2018

Азаматтар үшін әкімшілік кедергілерді жеңілдету мақсатында Жоғарғы Сот сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі оңтайландыру жұмысын жүзеге асырды.

Оңтайландыру процесі апостиль қою бойынша Жоғарғы Соттың өкілеттігін облыстардағы аумақтық органдарға бере отырып, функциялардың орталықсыздандыруын көздейді.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен өтініштер бойынша қызмет көрсетудің мерзімі 20-дан 5 күнге дейін қысқартылды.

Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

30/11/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға алқа төрағалары мен Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» атты семинар-тренинг өтті

30/11/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев, Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері мен «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсының қатысушылары – аудандық және облыстық соттардың қызметкерлері қатысты.  

Жоғарғы Сот тергеу әрекеттерін электронды санкциялау бойынша пилоттық жобаны іске қосты

13/07/2017

Қылмыстық процестің сапасын арттыруға бағытталған электронды қылмыстық істі енгізу жобасы Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотының базасында іске асырылды. Жоба шеңберінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі мен Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесі интеграцияланды.

Қазақстанның Жоғарғы Соты мен Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері Еуропалық Одаққа жұмыс сапарымен барды

30/06/2017

2017 жылғы 27-28 маусымда қазақстандық делегация Еуропалық Кеңестің Хатшылығында консультациялар өткізу мақсатында Страсбург қаласында (Франция) жұмыс сапарымен болды.

Делегация құрамында Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов, оның орынбасары Әсия Қасенова, Департаменттің Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қуанова, Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысы мен мүшесі Әнуар Сабыров пен Ардақ Балағұмарова бар.

Беттер