Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың 50 судьясы мен 200 қызметкері елорда әкімдігі жариялаған санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық айлық шеңберіндегі жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Ауа-райының салқындығы мен күн көзінің бұлыңғырлығы сенбілікке қатысушылардың ынта-жігерін сейілткен жоқ. Осы күні жоғары сот органының өкілдері Сығанақ көшесінің бойында қайың мен шыршаның 160 көшетін отырғызды. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот ғимаратының аумағында да тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері сенбіліктерге белсенді қатысу арқылы елорда көшелеріндегі тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосатындығын атап өтті.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі