Жоғарғы Сот Департаменті

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды

30/06/2016

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Қазақстан Республикасында медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға және аталған Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Қол қою рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы шеңберінде болып өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Департаменті делегациясының Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары басталды

27/06/2016

2016 жылғы 27 маусымнан 30 маусым аралығында Қазақстанның Жоғарғы Соты аппараты қызметкерлерінің Оңтүстік Кореяға таныстыру сапары өтуде. Делегацияны Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов басқарды. Оның құрамына Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры М.Бейбітов, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен Департаменттің жауапты қызметкерлері кірді.

Қазақстан Жоғарғы Соты Департаменті делегациясының Сингапурге жұмыс сапары басталды

21/06/2016

2016 жылғы 20-24 маусым аралығында Қазақстан Жоғарғы Соты Департаменті қызметкерлерінен құралған делегацияның Сингапурде танысу сапары өтуде. Делегацияны Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов бастап барды. Оның құрамына Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры М.Бейбітов, Департаменттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен жауапты қызметкерлері енді. 

«Сот кабинеті» сервисі: пайдаланушылардың ұсыныстары іске асырылуда

13/06/2016

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz)  ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосты.

«Сот кабинеті» электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Жоғарғы Сотта соттардың дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мәселесі талқыланды

09/06/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы Ілияс Испанов құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Кездесуде сөз сөйлей отырып, І.Испанов Жоғарғы Соттың Төрағасы сот ісін жүргізуде медиативтік рәсімдерді қолдануға, жергілікті және басқа да соттардың жұмысын бағалау кезінде олардың маңыздылығына аса назар аударатынын атап өтті.

Департамент басшысы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Тілеулі Бекбосынға алғыс білдірді

06/06/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов Департаменттің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялық-баспа жұмысы секторының меңгерушісі Тілеулі Ғасылұлы Бекбосынға зейнеткерлікке шығуына орай мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Алғыс хат ұсына отырып, І.Испанов Т.Бекбосынның республика сот органдарының мемлекеттік тілдегі іс қағаздары мен сот ісін жүргізуді дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Жоғарғы Соттың Call-орталығы – қоғаммен ашық және қолжетімді тілдесудің көпірі

04/06/2016

Жоғарғы Соттың Call-орталығы 2014 жылдан бері жұмыс жасап келеді және телефон байланысы абоненттерінің барлығына республиканың сот органдары қызметіне қатысты сұрақтар бойынша біркелкі тегін тікелей 1401 нөмірі арқылы хабарласуға мүмкіндік береді.

Call-орталықтың халықпен тікелей хабарласуы мүмкіндігі сот органдарының проблемалық сұрақтарын анықтау және жедел шешуге мақсатталған.

Жоғарғы Сот судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

23/04/2016

Жоғарғы Соттың 50 судьясы мен Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің 200 қызметкері елорда әкімдігі жариялаған «Таза қала – көңілді қала» атты жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Шуақты ауа-райы Абаттандыру мен көгалдандыру күніне қатысушылардың ынта-жігерін еселей түсті. Осы күні жоғары сот органының өкілдері «Мәңгілік ел» ескерткіші мен Жоғарғы Сот ғимаратының жанындағы алаңқайларда қайың мен шырша ағаштарының көшеттерін отырғызды.

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы БҚО соттарында болды

22/04/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов Батыс Қазақстан облысындағы Орал қалалық сотында, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарында болып, олардың жұмысымен танысты.

Қызылорда да сот орындаушылардың қаулыларын электрондық санкциялау мәселелері талқыланды

20/04/2016

Қызылорда облыстық сотында «Атқару парақтарын электронды түрде жолдау және сот орындаушылардың қаулыларын электрондық санкциялау мәселелері» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Беттер