меморандум

Қостанай облыстық соты мен өңірдің кәсіподақ орталығы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19/04/2018

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Екатерина Смышляева Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум даулар мен жанжалдарды реттеу бойынша тұрғындарға кешенді қызмет көрсету үшін аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің ғимараттарында Татуластыру орталығын ашу, сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеу институтын белсенді түрде енгізу, жан-жақты дамыту аясында өзара ынтымақтастық  орнату мақсатында жасалды.

Ақмола облыстық соты МҚІА департаментімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

18/04/2018

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жамбыл облыстық соты мен Кәсіподақ орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

05/04/2018

Меморандумға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков және Өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген қол қойды.

Меморандум жанжалды және дауласушылық деңгейін азайту мақсатында тараптар үшін қолайлы құқықтық орта құру үшін сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеуге бағытталған өзара белсенді іс-қимыл енгізуге бағытталған.

Облыстық соттар кәсіподақ орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

30/03/2018

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және өңірлік кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсіміне Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Ләззат Есжанова, ауыл шаруашылығы, білім қызметкерлерінің, мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің және темір жолшылар облыстық кәсіподақтарының басшылары Тілепберген Айкенов, Бейсенбай Абдрахманов, Боранбай Бегалин және Сапар Жакеев, сондай-ақ, судьялар қатысты.

Жоғарғы Сот пен Кәсіподақтар Федерациясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

19/03/2018

Бүгін еліміздегі жоғары сот органында медиацияны дамыту және татуласу рәсімдерін пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оның жұмысына сот алқасының судьялары мен Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференц байланысы арқылы  жергілікті сот судьялары мен Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты.

Алматинский городской суд и Национальная палата предпринимателей «Атамекен» подписали Меморандум о сотрудничестве

11/12/2017

Председатель  Алматинского городского суда Нургазы Абдиканов провел семинар на тему: «Судебная практика применения судами норм Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан, направленных на пресечение злоупотребления процессуальными правами».

В мероприятии приняли участие судьи, представители прокуратуры, адвокатуры, национальной палаты предпринимателей «Атамекен», эксперты отдела по защите прав предпринимателей.

Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары сот органдары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24/10/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми бастаған қазақстандық делегацияның Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары басталды. Іс-шара Ташкент қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот төрағаларының XII кеңесінің шеңберінде өтуде.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты мен Генетика орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19/10/2017

Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкенов пен «Центр Генетики.kz» ЖШС-нің өкілі Мұрат Күдеринов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, молекулярлық-генетикалық сараптамалар жүргізу әдістері жөнінде ақпарат алмасу, бірлескен сараптамалық-талдамалық іс-шараларды өткізу, тараптардың азаматтық іс бойынша құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қатаң сақтауды қамтамасыз ету туралы қағидаттар бойынша уағдаласты.

Орал қаласында қылмыстық істерге қатысты тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету және бітімгершілік рәсімдердің қолданыс аясын дамыту бағытында бес жақты меморандумға қол қойылды

07/09/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында сотқа дейін тергеп-тексеру бойынша іс жүргізу  кезінде тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету бойынша, сонымен қатар, өзара қарым-қатынасты жан-жақты нығайтып дамытуды және дауларды сотқа дейін реттеу институтын сәтті енгізу мақсатында бес жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алматы облыстық сотында мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында меморандумға қол қойылды

09/08/2017

Мемлекет Басшының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Шошықбаев, Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев пен Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат, білім,тілдерді дамыту басқармасының басшылары, сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Беттер