Алматы облыстық сотында мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет Басшының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Шошықбаев, Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев пен Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат, білім,тілдерді дамыту басқармасының басшылары, сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Меморандумға қол қою барысында Б.Шошықбаев: «Меморандумға қол қою мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында мұражайлар, мұрағаттармен,  бірлескен жұмысын дамытуда, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлерімен іс-шараларды өткізуде үлкен қадамға әкеледі», - деген сенімін білдірді.

Меморандумды жүзеге асыру мақсатында мәдениет, тарих, өнер және мұражай ісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған, облыстың жоғары және арнайы оқу орындарымен бірлескен кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.

Іс-шара соңында тараптар тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін меморандумға қол қою арқылы білдіре отырып,  алдыға  қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда бір-біріне жемісті жұмыс пен мол табыстар тіледі.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі