меморандум

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Дубай халықаралық қаржы орталығы арасындағы меморандумға қол қою рәсімі өтті

28/08/2015

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Дубай халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - ДХҚО) арасындағы меморандумға қол қою рәсімі болып өтті. Іс-шара Конституциялық Кеңес еліміздің Ата Заңының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіп отырған «Конституция: халық бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық-практикалық конференция шеңберінде ұйымдастырылды.

Меморандумға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми мен ДХҚО соттарының Бас судьясы Майкл Хван қол қойды.

Қайрат Мәми Дубай Халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы М.Хванмен кездесті

22/03/2015

Бүгін Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы М.Хванмен кездесті.

Кездесу барысында Қайрат Мәми «Қазақстанда сот төрелігі жүйесін жетілдірудің жүйелі іс-шаралары жүргізілуде. Заңнаманы жетілдіру, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот төрелігіне қолжетімділіктің кеңейтілген құқығын қамтамасыз ету мәселелері маңызды міндеттер болып табылады», - деді. 

Алматы қалалық соты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында меморандумге қол қойылды

17/03/2015

Бүгін Алматы қалалық соты мен заң саласының мамандарын даярлайтын іргелі жоғары оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің саласындағы ірі жоғары оқу орнының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты Мемлекет басшының «Нұр Отан» партиясының ХVI-съезінде берген тапсырмалырын іске асыру үшін оқу процесін сот тәжірибиесінің материалдарымен толықтыру және сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ғылыми ісзденістерді енгізу бойынша әлеуетті біріктіру.

Жоғарғы Соттың Департаменті «Қазконтент» акционерлік қоғамымен меморандумға қол қойды

26/11/2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазконтент» АҚ арасында Өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Жоғарғы Сот атынан Департамент басшысы Испанов Ілияс Сапарбекұлы, ал «Қазконтент» АҚ атынан ұйымның Басқарма төрағасы  Қыдырма Айдос Арғынбайұлы қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты өзара ақпарат алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады.

Жоғарғы Соттың Департаменті «Қазақпарат» агенттігімен меморандумға қол қойды

13/08/2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС арасында Өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Жоғарғы Сот атынан Департамент басшысы І.С. Испанов, ал «Қазақпарат» ЖШС атынан оның бас директоры Д.К. Дияров қол қойды.

Беттер