Қайрат Мәми Дубай Халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы М.Хванмен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы М.Хванмен кездесті.

Кездесу барысында Қайрат Мәми «Қазақстанда сот төрелігі жүйесін жетілдірудің жүйелі іс-шаралары жүргізілуде. Заңнаманы жетілдіру, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот төрелігіне қолжетімділіктің кеңейтілген құқығын қамтамасыз ету мәселелері маңызды міндеттер болып табылады», - деді. 

Әңгіме барысында инвестициялық соттар жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе, ақпарат және әзірленім алмасуға айрықша назар аударылды.  

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктерінің сот органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.     

Сапар шеңберінде Қ.Мәмидің, Дубай халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы М.Хванның және АҚШ Округтік сотының Нью-Йорк Оңтүстік округінің судьясы А.Пресканың қатысуымен үшжақты хаттамалық кездесу болып өтті. Тараптар өз елдерінің сот жүйесі туралы қысқаша ақпаратпен алмасты.

Лоретта А. Преска Нью-Йорк қаласы соттарының қаржылық, коммерциялық және құқықтық хаб ретінде дамудағы үлесі туралы айтып өтті.

 

Қайнар: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі