Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Дубай халықаралық қаржы орталығы арасындағы меморандумға қол қою рәсімі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Дубай халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - ДХҚО) арасындағы меморандумға қол қою рәсімі болып өтті. Іс-шара Конституциялық Кеңес еліміздің Ата Заңының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіп отырған «Конституция: халық бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық-практикалық конференция шеңберінде ұйымдастырылды.

Меморандумға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми мен ДХҚО соттарының Бас судьясы Майкл Хван қол қойды.

Келісім әрбір тараптың екінші тараптың соттарында ақша сомасын өндіру туралы шешімін мәжбүрлеп орындату рәсімдері бойынша тараптардың өзара түсіністігін орнатуға бағытталған. Құжат тек бір адамнан екінші адамның пайдасына ақша сомасын өндіріп алу туралы сот шешімдеріне ғана қатысты. Аталған меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен ДХҚО соттарының заңдар мен сот рәсімдерін түсінуге ықпалын тигізетін болады.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынастардың серпінді дамуын арттырады. Бұл, өз кезегінде, іскерлік байланыстарды нығайтып, сот шешімдерінің өзара тиімді орындалу жүйесін жетілдіру арқылы бизнесті екіжақты кіріктіру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. Одан әрі бұл ДХҚО мен Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары шеңберінде құрылатын Астана қаржылық орталығының жаңа соттары арасындағы жүйелі ынтымақтастыққа септігін тигізеді.

Меморандумның толық нұсқасымен мына жерде таныса аласыз.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен DIFC соттары арасындағы мәжбүрлеп орындату жөніндегі нұсқаулық туралы

МЕМОРАНДУМ

2015 жылғы «__» маусым

Кіріспе

1. Осы Меморандумның мақсаты әрбір тараптың екінші тараптың соттарында ақша сомасын өндіру туралы шешімін мәжбүрлеп орындату рәсімдері бойынша тараптардың өзара түсіністігін орналастыру  болып табылады. Осы меморандум бір адамнан екінші адамның пайдасына ақша сомасын өндіріп алу туралы сот шешімдеріне ғана қатысты.

2. Осы меморандумның міндетті заңды күші жоқ. Ол шарт немесе акт болып табылмайды, кез келген тарап судьялары үшін міндетті болып табылмайды және қандай да бір қолданыстағы заңдардың, сот шешімдері мен қағидаларды орнына жүрмейді. Ол түпкілікті құжат болып табылмайды және қандай да бір заңдық құқықтарды немесе қатынастарды құруға немесе өзгертуге арналмаған.

3. Тараптар ниет білдіре отырып, осы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық олардың заңдары  мен сот рәсімдерін түсінуге, сондай-ақ қоғамның қабылдауы мен түсіністікті ықпал етеді деп есептейді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

4. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңмен көзделген процестік нысандарда олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсінік береді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай:  (I) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі; және (II) қылмыстық істер жөніндегі екі қадағалау алқасынан тұрады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  судьялар жалпы саны 33.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әрекет етеді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Астана қаласы, Қонаев көшесі, 29 мекенжайы бойынша орналасқан.

5.  Қазақстан Республикасының сот жүйесiн, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жергiлiктi және басқада соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:  облыстық және оған теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық соттар, ауданаралық соттар), сондай-ақ мамандандырылған соттар (әскери, қаржылықэкономикалықәкiмшiлiк соттар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқада соттар).

6. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк немесе мүлiктiк емес даулар жөнiндегi азаматтық iстердi қарайды. Сонымен бірге,  олар корпоративтік дауларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық iстердi қарайды.

DIFC Соттары

7. DIFC Соттары Біріккен Араб Әмірліктерінің құқықтық жүйесінің бөлігін құрайды, осы меморандум DIFC соттарына қатысты қолданылатын ережелерді ғана белгілейді. Олар Дубай халықаралық қаржы орталығымен байланысты немесе оларға қатысты DIFC Соттарының юрисдикциясы болуы туралы тараптар уағдаласқан азаматтық және коммерциялық дауларды қарайды. DIFC Соттары Шағын талаптар жөніндегі трибуналдан (SCT), Бірінші сатыдағы соттан және Апелляциялық соттан тұрады. Олар 2004 жылғы № 9 және № 12 Дубай Заңдарына сәйкес құрылған және құқықтық рәсімнің ең жоғары халықаралық стандарттарын қолдана отырып, жалпы құқық соты ретінде әрекет етеді. Соттардың судьялық құрамы дүние жүзі және Дубай бойынша жалпы құқық юрисдикциясынан қалыптастырылған, ең жоғары халықаралық беделге ие.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен DIFC соттары арасындағы ынтымақтастық

8. Тараптар БАӘ мен Қазақстан Республикасы арасындағы азаматтық және сауда істері жөніндегі келісімдер мен сот жүйесіндегі ынтымақтастықты бекіту туралы 2009 жылғы № 117 Федералдық Жарлықтың негізінде БАӘ ұлттық заңына енгізілген Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы «Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы» келісімге сүйенеді,ол бойынша әрбір тараптың сот актілерінің күшін мойындау және орындау талаптары көзделген.

9. Бұдан басқа, Тараптар тиісті сот тәжірибесі мен өз юрисдикциясына жататын коммерциялық даулар саласында құқық қолдану практикасын талқылау үшін бірлескен іс-шаралар (мынадай: кездесулер, семинарлар және конференциялар) өткізуде, ақпарат алмасуда ынтымақтастықты жалғастыруға өздерінің әзір екендітерін атап көрсетеді.

Тараптар білім беру және ақпараттық, сондай-ақ Тараптардың әрқайсысының мүддесін үшін біліктілікті арттыру мақсаттарында екіжақты сапарларды ұйымдастыра алады.

Тараптар осы Меморандум шеңберінде бірлескен қызмет туралы ақпаратты және онымен байланысты статистиканы жариялай алады.

Қазақстан Республикасының соттарында DIFC соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату үшін қойылатын талаптар

10. Тараптар ұлттық заңнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы 2009 жылғы 16 наурызда жасалған «Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы» келісімді (жоғарыдағы 8-параграфты қараңыз, бұдан әрі  - «Келісім») басшылыққа алады.

11. Қазақстан Республикасының соттарында шетелдік соттың шешімі төменде сипатталған мойындау және орындау қағидаттары мен практикасына сәйкес орындалуы мүмкін.

12. Шешімді мойындау және орындау туралы арызбен Қазақстан Республикасының соттарына жүгіну үшін DIFC соттарының шешімі түпкілікті және сөзсіз болуға тиіс.

13. DIFC Соттарының шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін. Дәлелді себептер бойынша өткізіліп алған мерзімді Қазақстан Республикасының соты қалпына келтіруі мүмкін. Егер көрсетілген мерзім дәлелді себептер бойынша өткізіліп алынған жағдайда Қазақстан Республикасының соты атқару парағын беру туралы арызды беру мерзімін қалпына келтіре алады. 

Мерзімді қалпына келтіру туралы арыз шешімді мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы мәселені шешетін сотқа беріледі. Арыз талқылау уақыты мен орны туралы хабарланатын тараптардың қатысуымен сотта қаралады, олардың сотқа келмеуі соттың арызды қарауына кедергі болмайды.

DIFC соттарының шешімін мойындау және орындау туралы арыз өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы арызбен бірге беріледі(ҚР АІЖК-нің 128-бабын қараңыз).

14. Сот шешімдерін мойындау және орындау тәртібі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы келісімнің ережелеріне(атап айтқанда, сот шешімдерін мойындау және мәжбүрлеп орындату мәселелері бойынша талаптар көзделген Келісімнің 21-27-баптарына) сәйкес болуға тиіс.

15. Қазақстан Республикасының соттары DIFC Соттары шешімдерінің мәнін қайта қарамайды. Оның дерегінде немесе құқығында қате бар деген негізбен шешімге дау айтылмайды. DIFC соттарының шешімі DIFC соттарының шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының соттары мойындаған жауапкердің құқықтық міндеттемелері болуы негізінде мәжбүрлеп орындатудың нысанасы болып табылады.

DIFC соттарында Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін орындауға қойылатын талаптар

16. Жалпы құқыққа сәйкес тиісті юрисдикциясы бар шетелдік сот бір адамнан екінші адамның пайдасына белгілі бір ақша сомасын өндіріп алу туралы үкім шығарған жағдайда борышкердің осы ақша сомасын төлеу бойынша құқықтық міндеттемесі туындайды.

17. DIFC соттарының Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін орындауға қатысты тәсілі осыған ұқсас тәсілді қолдана отырып, ағылшын жалпы құқығына негізделеді.

18. Келісімнің 21-27-баптарында жазылған қағидаттар тараптың Қазақстан Республикасы соттарының шешімдеріне DIFC Соттарында дау айта алу мүмкіндігі анықталған кезде қолданылады.

19. DIFC соттарына жүгіну үшін Қазақстан Республикасы соттарының шешімі түпкілікті және сөзсіз болуы қажет. Егер ол апелляциялық шағымдануға жататын жағдайда да шешім сөзсіз болуы мүмкін.

20. DIFC соттары Қазақстан Республикасы соттарының белгілі бір шешім түрлерін, мысалы, салықтарды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіріп алу туралы шешімдерді орындамайды.

21. Қазақстан Республикасының соттары дауды қарау үшін коллизиялық құқық туралы DIFC қағидаларына сәйкес юрисдикциясы болуға тиіс. DIFC соттары, әдетте, өзіне қатысты шешім шығарылған адам:

а. сот талқылауын бастау кезінде оның юрисдикциясында болған; немесе

b. сот талқылауында талапкер немесе қарсы талапты мәлімдеуші болған; немесе

c. Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына сілтеме жасаған; немесе

d. сот талқылауы басталғанға дейін нысанаға қатысты Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына бағынуға келіскен жағдайда ғана Қазақстан Республикасы сотының қажетті юрисдикциясы бар деп мойындайды.

22. DIFC соттарында жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестік анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы соттарының шешімдеріне шектелген негіздер бойынша қарсылық келтірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы келісімнің 15 және 21 баптарының ережелеріне толықтырулар, көрсетілген негіздерді мынадай, егер:

а. сот шешімі алдау жолымен алынғанда;

b. сот шешімі жария тәртіп қағидаттарына қайшы келсе; және

с. сот талқылауы DIFC соттары мойындаған нақты құқық негізінде сот төрелігі қағидаттары бұзуылып өткізілген жағдайларды(бірақ олармен шектелмейді) қамтиды.

23. DIFC Соттары Қазақстан Республикасы соттары шешімдерінің мәнін қайта қарамайды.Шешімге,фактіде немесе құқығында қате бар деген негіз бойынша дау айтылмайды.

Қазақстан Республикасы соттының шешімі Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін орындау үшін DIFC соттары мойындаған жауапкердің құқықтық міндеттемелесі бар деген негіз бойынша мәжбүрлеп орындату нысанасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында DIFC соттарының шешімдерін орындау тәртібі

24. DIFC соттарының шешімдерін мойындау және орындау туралы арыз Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына немесе борышкердің немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жері бойынша; егер орналасқан жері белгісіз болған жағдайда борышкердің мүлкі тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті сотына беріледі.

25. Тарап DIFC Соттарына арызды жіберіп, DIFC Соттары шешімінің куәландырылған көшірмесін алуына болады. Арыз хабарламасыз берілуі мүмкін және куәландыруды талап ететін сот шешімінің көшірмесі болуы керек.DIFC Соттары шешімнің куәландырылған көшірмесін ұсынған жағдайда көшірмеде оның түпнұсқа екендігін растайтын жазба болуға тиіс.

Жазбаға Судья немесе Тіркеуші қол қоюға тиіс. Шешімнің куәландырылған көшірмесі DIFC Соттарының мөрімен бекітіледі.

26. Сот шешімін мойындау немесе орындау туралы арызға:

а)  сот шешімінің ресми көшірмесі;

b) сот шешімінің өзінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, сот шешімінің түпкілікті екендігі және орындалуға жататыны туралы анықтама;

с) сот шешімі сырттай қабылданған жағдайда – шақыру қағаздарының немесе жауапкердің тиісінше шақырылғанын куәландыратын өзге де құжаттардың куәландырылған көшірмелері;

d) әрекетке қабілетсіз немесе құқық қабілеттілігі шектеулі Тараптың сот ісін жүргізуге уақтылы келгенін растайтын құжат қоса беріледі.

27. DIFC Соттарының шешімін мойындау және орындау туралы арызды судья жеке-дара қарайды.

28. Сот DIFC соттарының шешімін мойындау және орындау туралы өндіріп алушыдан келіп түскен арыз туралы, сондай-ақ оның сот отырысында қарау орны мен уақыты туралы борышкерді тиісті түрде хабардар етеді.Өндіріп алушы да Сондай-ақ, оның арызын қарау орны мен уақыты туралы хабардар етеді.Егер борышкерден сот отырысына келе алмауының дәлелді себептері көрсетіліп арызды қарауды кейінге қалдыру туралы,өтініш келіп түспесе, борышкердің немесе өндіріп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергі болып табылмайды.

29. Арызды қараудың нәтижелері бойынша сот атқару парағын беріп шешімді мойындау және орындау туралы не орындаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

30. Қазақстандық соттың DIFC Соттарының шешімдерін мойындау және орындау туралы арызды қарау мәселесі бойынша ұйғарымына өндіріп алушы немесе борышкер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің  344-бабының тәрбімен шағым беруі мүмкін, ол бойынша мыналар көзделеді:

бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық сол ұйғарымды шығарған сотқа беріледі. Жеке шағым (наразылық) сот ұйғарымының көшірмесін берген күннен бастап он бес күн ішінде беріледі. Судья жеке шағым немесе наразылықты алғаннан кейін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге міндетті. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға отырыстың өтетін орны мен уақытын хабарлайды.

Істің қаралу уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысатын адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Істің қаралу уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған осы бапта көрсетілген адамдардың келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.

Жеке шағым бойынша шығарылған апелляциялық сатының ұйғарымы оны шығарған сәттен бастап дереу заңды күшіне енеді.

Жеке шағым бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымына немесе бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы немесе апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымы күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына кассациялық шағым берілуі мүмкін.

Кассациялық соттың судьясы мәжбүрлеп орындату туралы азаматтық іс материалдарын сұратып алады; іске қатысатын адамдарға пікір беру үшін мерзім беріп шағым мен оған қоса берілген жазбаша материалдардың көшірмелерін жібереді; іске қатысатын адамдарға кассациялық шағымның қаралу уақыты мен орны туралы хабарлайды.

Істің қаралу уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысатын адамдардың және өкілдердің сот отырысына келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.

31. Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы Келісімнің 15 және 21-баптарымен көзделген жағдайларда, оның ішінде:

а) DIFC тиісті заңымен көзделген ескіру мерзімі қолданылған кезде;

b) егер шешімді мойындау және орындау Қазақстан Республикасындағы жария тәртіп қағидаттарына қайшы келсе шешімді мойындаудан және орындауды қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін.

32. Егер DIFC Соттарының шешімін мойындау және орындау туралы сотқа берілген арыз қанағаттандырылса,өндіріп алушыға Қазақстан Республикасы соты шешімінің күші бар сот актісі беріледі.

Өндіріп алушы, қажеттілігіне қарай, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу органдарының мәжбүрлеп орындату рәсімдерін,пайдалануға құқылы.Oның ішінде:

(а) өз міндеттемелерін орындау үшін борышкер мүлкінің тізімдемесін жасау туралы қаулыны;

(b) тыйым салу туралы, өндіріп алуды борышкердің серіктестіктегі мүлкіне аудару туралы өндіріп алушының мүддесіне борышкердің мүлкіне сот шығындарын салатын қаулыны;

(с) жер телімін иелікке беру туралы қаулыны;

(d) жер телімін немесе өндіріп алушы оның құнынан  өтем алатын басқа мүлікті сату туралы қаулыны;

(е) борышкердің мүлкі туралы мәліметті беруі туралы қаулыны;

(f) сот орындаушының борышкердің мүлкіне тыйым салу және сату туралы қаулысын пайдалануға құқылы.

DIFC Соттарында Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін орындау рәсімі

33. DIFC Соттарында Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату үшін тарап арыздың сипатын қысқаша баяндап сот шешімі бойынша берешектің талап етілетін сомасын көрсетіп,DIFC сотына Арыз нысанын береді. Арыз нысанына сот шешімінің куәландырылған көшірмесі қоса берілуіге тиіс.

34. Тарап Қазақстан Республикасының соты шығарған сот шешімінің куәландырылған көшірмесін Қазақстан Республикасының тиісті сотына арызбен жүгіну арқылы алуына болады.

Арыз хабарламасыз берілуі мүмкін және куәландыруды талап ететін сот шешімінің көшірмесінен тұруға тиіс. Қазақстан Республикасы соты шешімінің куәландырылған көшірмесі ұсынылған жағдайда көшірмеде оның түпнұсқа екендігін растайтын жазба болуға тиіс.

Жазбаға Судья қол қоюға тиіс. Шешімнің куәландырылған көшірмесі Қазақстан Республикасы Соттарының мөрімен бекітіледі.

35. 2014 жылғы DIFC Cоттары қағидаларының 9.53-қағидасына сәйкес,DIFC шегінен тыс орындау рәсімдеріне Соттардың шешімін алу туралы талап қарастырылмаған. Сонымен бірге, борышкердің DIFC Cоттарының юрисдикциясына дау айту мүмкіндігі мәселесі ашық күйінде қалады.

36. Егер талапты бергеннен кейін борышкер оған жауап жібермесе, өндіріп алушы 2014 жылғы DIFC Соттары қағидаларының 13-бөлігіне сәйкес,борышкердің келмей қалуына байланысты шешімді алуға құқылы.

37. Егер борышкер тапсыруды растаған жағдайда, өндіріп алушы арызды беруге және тапсыруға тиіс қуаттауда онда деректер қысқаша сипатталған толық баяндалған.Арыздың егжей-тегжейі Қазақстан Республикасы Сотының жоғарыдағы 21-тармағында баяндалған, сондай-ақ БАӘ мен Қазақстан Республикасы арасында жасалған Келісімнің 19-бабымен көзделген негіздер бойынша юрисдикциясы бар екенін мақұлдайтын пайымдаудан тұруға тиіс. 

38. Көп жағдайларда,егер тарап борышкер жоғарыда көрсетілген 22-параграф негіздерінің біреуі бойынша істі қозғау үшін мүмкіндіктің барлығы туралы Сотты сендіре алмаған жағдайда DIFC Cоттарының 2014 жылғы қағидаларының 24-бөлігі бойынша қарамастан жеңілдетілген іс жүргізу қағидалары бойынша шешімді алу үшін жүгінуге құқылы. Жеңілдетілген тәртіптегі сот шешімі туралы арыз ауызша талқылаусыз жедел қаралады. 

39. Қазақстан Республикасы сотының шешімі бойынша арыз қанағаттандырылған жағдайда өндіріп алушы DIFC Соттарының шешімі өкілеттікті иеленеді.

Өндіріп алушы шешім бойынша DIFC соттарының шешімдерді орындау бойынша рәсімдерін қажеттілігіне қарай  оның ішінде:

(а) жауапкер алдында берешегі бар адамдарға өндіріп алушыға соманы төлеу міндетін  жүктейтін үшінші адамдардың қарызды төлеу туралы бұйрықтарын;

(b)тыйым салу туралы,өндіріп алуды борышкердің серіктестіктегі үлесіне аудару туралы;сот шығындарын өндіріп алушының мүддесі үшін борышкердің мүмсіне аудару туралы бұйрықтарды;

(с) жерді иелікке беру туралы бұйрықтарды;

(d) жер телімін немесе өндіріп алушы құнынан  өтеу алатын басқа мүлікті сату туралы бұйрықтарды;

(е) борышкердің мүлік туралы мәліметті ұсынуы туралы бұйрықтарды;

 (f) тыйым салу және сот орындаушысының борышкердің мүлкін сатуы туралы бұйрықтарды;

(g) мүлікті басқарушыны тағайындау туралы бұйрықтарды;

(h) сотты құрметтемеу туралы бұйрықтарды;

(i) дәрменсіздік рәсімдері туралы бұйрықтарды қажеттілігіне қарай пайдалануға өкілетті.

Соттармен байланыс

40.  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты туралы қосымша ақпаратты:

(а) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының веб-сайтынан  http: //www.sud/kz

(b) 008 (7172) 710000 телефон бойынша немесе

(с) vsrk@sud.kz электрондық почта арқылы алуға болады.

41. DIFC Соттары туралы қосымша ақпаратты:

(а) DIFC  Соттарының веб-сайтынан http://www.difc courts.ae;

(b) DIFC  Соттарының кеңсесіне жүгіну арқылы:

i. Ground Floor, Building 4, The Gate District, PO Box 211724, Dubai, UAE;

ii. +971 4 427 3333 телефоны бойынша; немесе

iii. registry@difccourts.ae. электрондық почта арқылы алуға болады.

2015 жылғы ХХ ХХ қол қойылды:

 

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының

Төрағасы

Қайрат Мәми

 

 

DIFC Соттарының

Төрағасы

Майкл Хван SC

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі