Архив событий

25/08/2015

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Зерде» байқауының жеңімпаздары марапатталды

25/08/2015

Бүгін ШҚО Судьялар одағы филиалы ұйымдастырған «Зерде» байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналды. Жүлдегерлерді   Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров салтанатты түрде марапаттады.

Байқауға 20-дан астам телеарна, радио, баспа баслымдарының журналистері қатысты.

Қайрат Мәмиге «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі тапсырылды

25/08/2015

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә. Мәмиге «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, еліміздің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, елеулі үлес қосқан азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге байланысты марапатталады.