Архив событий

12/08/2015

Шығыс Қазақстан облыстық соты мүгедектің құқығын қорғады

12/08/2015

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында Өскемен қалалық сотының «Қазақстан «БИПЕК АВТО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі С.Л.Богатыйдың шағымы бойынша сапасыз автокөлік бағасын қайтару, моральдық шығында өтеу бойынша шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2-топтағы мүгедек С.Л. Богатый  автокөлік  сатып алмақшы болып, 2014 жылғы 29 наурызда жауапкер екеуінің арасында «Lada Granta» маркалы автокөлікті 2 200 000 теңгеге сатып алу туралы келісім шартына қол қойылды.

Пара алған мектеп директоры жазаға тартылды

12/08/2015

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында Аймен ауылының орта мектеп директоры А.Жүнісоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.Жүнісова лауазымды тұлға бола тұра, география пәнінен сабақ беру сағат көлемін арттыру және бастауыш сыныптарда сабақ беру үшін екінші біліктілік санатын алу үшін мектеп жұмысшысынан 20 000 теңге көлемінде пара алған.

Сотта А.Жүнісова өзінің кінәсін толықтай мойындап, жасаған ісі үшін өкінді.

Ақтөбе облыстық сотында үш сатылы сот жүйесіне көшу мәселесі талқыланды

12/08/2015

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы  заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын талқылауға арналған кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Сот Жюриінің төрағасы М.Шегенов, Астана қалалық сотының судьясы, Сот Жюриінің хатшысы Р.Жакудина, Ақтөбе облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Д.Әбдалі, облыс төрағалары мен судьялары қатысты.

Шу аудандық соты ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін өрт сөндіру бөлімінің бастығын соттады

12/08/2015

Шу аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарымен (Алаяқтық) көзделген қылмысты жасаған Б.Оразалиевке қатысты іс қаралды.

Б.Оразалиев лауазымды тұлға бола тұра, құқықтық алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ірі мөлшерде бөтен мүлікке қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасаған.

Республиканың бірқатар облыстарында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды электронды түрде жолдау мүмкіндіктері талқыланды

12/08/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстық және Астана қалалық сотьарында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды электронды түрде жолдау» тақырыбында семинар-мәжіліс өтті.

Ақтөбеде көшпелі сот отырысында ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша үкім жарияланды

12/08/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша азаматша Б.Қуатоваға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Алдын ала тергеу органы Б.Қуатованың Ақтөбе қаласының «Адал» аймақтық қоғамдық бірлестігі төрағасы лауазымында болғандығын анықтады. 2014 жылғы қаңтар мен қазан аралығында Ақтөбе қаласында пәтер сатып алып беру сылтауымен қаражат алып, жәбірленушілерді алдап, сеніміне кіріп алдын ала төлем және одан кейінгі төлем сомасын алған.