Архив событий

11/08/2015

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты іс қаралды

11/08/2015

Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту туралы қылмыстық істі қарады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жаза тағайындау ерекшеліктері талқыланды

11/08/2015

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жаза тағайындау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті.             

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық және аудандық соттарының судьялары, прокуратура, ІІД-нің, ҚР ҰҚК «Оңтүстік» өңірлік басқармасының өкілдері, адвокаттар, сондай-ақ БАҚ қатысты.

Атырауда алты адамның ажалына себепші болған жүргізуші сотталды

11/08/2015

Бүгін Атырау облысы Жылыой аудандық соты азамат А.Нұрғожиевке қатысты  сот үкімін жариялады.

Сотталушы А.Нұрғожиев 2015 жылғы 19 мамырда «Камаз-55111» маркалы автомашинасында Доссор-Бейнеу тас жолында, алдындағы көлікті басып озбақшы болады. Ол қарсы бағытқа шығып «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысады.

Нәтижесінде жеңіл автокөліктің ішіндегі алты адам апат салдарынан көз жұмып, бір адам ауыр дене жарақатымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Халық судьясы Х.Жақыповтың 100 жылдығына арналған конференция

11/08/2015

Батыс Қазақстан облысында «Сот жүйесіндегі рухани өзгерістердің тереңдеуі–ұлт дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында конференция өтті. Іс шара Қазақ ССР-нің құрметті заңгері Хаби Жақыповтың туғанына 100 жыл толуына арналды. Ол 50 жыл сот жүйесінде еңбек етіп, соның ішінде 20 жылын Казталов аудандық сотының төрағалық қызметін атқарған.