Архив событий

10/08/2015

Сот табиғатты қорғау полициясының тобына жеке қаулы шығарды

10/08/2015

Көкпекті ауданының №2 сотында ҚК-нің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген,  сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қаралған қылмыстық іс бойынша табиғатты қорғау полициясының тобына жеке қаулы шығарды. Сот жеке қаулысымен оларды аудандық «Жұлдыз» және  «Новая жизнь» газеттерінде Алтай рауағашын теруге тыйым салынатындығы туралы мақалалар жариялауға міндеттеді.

Қарағандыда сот ісін электронды түрінде жүргізіп, сот органдарына істердің автоматтандыру бойынша мәселелерді талқылады

10/08/2015

«Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ басшысының орынбасары, Д. Ахашов ішкі істер департаменті, ішкі істер басқармасы, әкімшілік іс бойынша басқарма және полиция бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен, «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық істер туралы және оларды одан әрі қарай істің қаралуы, сот ісін электронды түрінде жүргізіп,  сот органдарына сот ісін автоматтандыру» мәселелері бойынша,  селекторлық кеңеске қатысты.

Селекторлық кеңесті ішкі істер департаментінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Қасенов ашты.

Батыс Қазақстан облысында жол көлік апатын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты үкім шықты

10/08/2015

БҚО Сырым аудандық соты адам өліміне әкеп соқтырған жол көлік апатын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі (жол көлік оқиға  салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы мас күйінде «Самара-Шымкент» бағыты бойынша автобусты басқара отырып, ҚР жол жүру ережесінің 10.1-тармағының талаптарын бұзып, рөлге ие бола алмай, автобус жолдың жырасына түсіп кеткен.

Алматы облысында Райымбек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

10/08/2015

Алматы облысының Райымбек аудандық сотында аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Төлепбердиевке қатысты  қылмыстық  іс  қаралды. 

Іс материалдарына сәйкес, Қ.Төлепбердиев  лауазымды тұлға бола тұра жер телімін бөлу үшін азамат С-дан 370 000 теңге мөлшерінде пара алған.