Қайрат Мәмиге «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі тапсырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә. Мәмиге «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, еліміздің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, елеулі үлес қосқан азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге байланысты марапатталады.

Мемлекет басшысының тиісті №59 Жарлығына 2015 жылғы 5 тамызда қол қойылған.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі