Жоғарғы Сот пен Кәсіподақтар Федерациясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін еліміздегі жоғары сот органында медиацияны дамыту және татуласу рәсімдерін пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оның жұмысына сот алқасының судьялары мен Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференц байланысы арқылы  жергілікті сот судьялары мен Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Ж. Асанов өз сөзінде, дауларды татуласу рәсімдері арқылы шешудің айқын тиімділігіне қарамастан, олардың басымы әлі де  сот арқылы шешіліп жатқанын атап өтті. Медиацияны дамыту үшін азаматтық қоғамның үлкен әлеуетін екере отырып, ол «Татуласу орталығы» («Центр примирения») жобасының әзірленуі туралы хабарлады. «Бұл азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының  нотариустың, психологтың және әлеуметтік қызметкерлердің қызметі берілетін бірыңғай алаң болады. «Татуласу орталығы» Жобасының мақсаты – татуласу рәсімін дамытуға жан-жақты қолдау көрсету» - деп атады Жоғарғы Сот Төрағасы.

Кеңес барысында Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Б.Әбдірайым, Жамбыл облысы кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысы соттарының төрағалары Қ.Нұрышев пен Н.Қайырбековтер сөз сөйледі.

Кездесу соңында жоғары сот органы мен Кәсіподақтар федерациясының Төрағалары Жақып Асанов және Бақытжан Әбдірайым ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының шеңберінде қоғамдық сананы жаңғыртуды ескере отырып, қоғамдағы даулар мен жанжалды соттан тыс тәртіппен шешу жолымен төмендетуге бағытталған.

Тараптар татуласу рәсімдері жолымен еңбек және өзге де дауларды шешу үшін мүмкіндіктерді арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасатын болады. Заңнаманы жетілдіруге, мамандарды оқытуға, ақпарат алмасуға, медиацияны дамытудың басқа аспектілеріне және  жанжалды шешудің басқа да нысандарына ерекше назар аударылатын болады.

Меморандумның шеңберінде  Кәсіподақтар федерациясының аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінде «Татуласу орталығы» орталықтарын ашу көзделген.

Меморандумның толық мәтінімен осы жерде таныса аласыздар.

Источник: 
жо