Жоғарғы Сот пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро басшысының орынбасары Шыңгыс Қабдолла мен Жоғарғы Сот аппаратының Соттардағы ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Қайрат Бижанов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді.

Спикерлер осының алдында ғана Жақып Асанов пен Алик Шпекбаев қол қойған Жоғарғы Сот пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандум туралы құлағдар етті.

Бұл құжат сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған. Атап айтқанда, әңгіме бірлескен ақпараттық жұмыс, оперативті іс-шаралар өткізу, БАҚ жарияланымдарының мониторингі, қоғамдық пікірді бағалау, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы болып отыр.

Алдағы атқарылатын жұмыстың маңыздылығы туралы айта келіп, Қ.Бижанов Меморандум аясындағы іс-шаралардың ең алдымен сот процесіне тартылған азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталатынын атап өтті. Бұдан басқа, ол қол қойылған құжат судьялардың сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болуы мен қолсұғылмаушылық кепілдіктерін күшейте түсуге бағытталып отырғанын тілге тиек етті, өйткені бұл оларды негізсіз шағымдардан, күдік келтіру мен жала жабулардан қорғауға мүмкіндік береді.

Брифинг спикерлері сондай-ақ  қылмыстық процесті ізгілендіру жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат берді.

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі