ҚР ЖС басымдық жобалардың портфелі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Атауы : Әділ процесс (Идеальный процесс)

Өзектілігі: Қоғам әлі де сот ісін жүргізуді «жылдам және оң» деп танымайды, соттарда жасырын сарсаңға салу бар, сот практикасы объективті  және әділ емес деген шағымдар әлі де жиі кездесуде.

Мақсаты: Әділ және бірізді сот практикасын құруды, процестік әрекеттердің ашықтығын және оңтайландыруын, сот рәсімдерінің жеделділігін және жариялылығын қамтамасыз ету.

Бағдарлама шеңберінде қоғамның қажеттіліктеріне қарай сот процесін және сот рәсімдерін оңтайландыруды қамтамасыз ету, процестік заңнаманы шынайы жеңілдету, сот практикасының әділдігі мен объективтілігіне қоғамның қанағаттанбау негізділігін талдау және себебін анықтау, халықтың сот төрелігін нақты бағалау механизмін  дайындау жоспарлануда.  

Жоба :

  • әркімнің сотта тыңдалу құқығын қамтамасыз етуге;
  • әр нақты іс бойынша сот қорғауының механизімін түпкілікті пайдалануын қамтамасыз етуге;
  • тиісті мерзімде істерді уақтылы қарауға;
  • бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың беделін арттыруға;
  • істі кассациялық қайта қарауына түпкілікті сипат беруге;
  • сот процесінде айыптау бейімінен арылуға;
  • сот процесі қатысушыларының шынайы тең құқықтарын қамтамасыз етуге;
  • қалыпты сот практикасын құру арқылы сот қателіктерін азайтуға және бақа да шараларға бағытталған.
 
Оңайлатылған сот процесі
Жетекші:   Б.Ә. Жоламанов  –  Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Менеджер: Д.Е. Асаинова –  Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Әкімші: Ә.Қ. Каулдашева - Талдау және жоспарлау бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Телефон: 8-7172-71-01-49
 
Консультанттар/кураторлар:  
Л.А.Ағыбаева  - Жоғарғы Сот судьясы 
 
Д.А. Шипп - Жоғарғы Сот судьясы
 
Б.Ж. Токтарова - Жоғарғы Сот судьясы
 
Кіші жоба:
Тиімді сот үрдістері  
А.С.Жүкенов  – Астана қ. Сарыарқа аудандық сотының төрағасы
Астана қ., Сарыарқа аудандық соты
 
Әділ сот тәжірибесі
Жетекші: А.А. Жаманова - отставкадағы судья, Дүниежүзілік банк жобасының консультанты
 
Менеджер: Л.З.Исабекова  –  Жоғарғы Сот Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Әкімші: М.Қ. Жиенбаева  –  Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Телефон: 8-7172-71-01-62
 
Консультанттар/кураторлар: 
Р.А. Куанышбаева - Жоғарғы Сот судьясы
 
Г.Ж. Әлмағамбетова  - Жоғарғы Сот судьясы
 
Г.Ж. Мергенова - Жоғарғы Сот судьясы

Жобаны іске асыру мынадай негізгі: «Жеңілдетілген сот процесі», «Оңтайлы сот рәсімдері» және «Әділ сот практикасы» бағыттары бойынша жоспарлануда.

Аталған бағыттар бойынша жұмыс нәтижесінде:

  • соттың ұйымдастыру-басқару сипатындағы сот процестік әрекетінің санын төмендету; олардың қарапайымдылығы мен нақтылығын қамтамасыз ету;
  • сот төрелігін іске асырудың бағалау жүйесін қайта қарау;
  • соттардағы жасырын сарсаңға салуды жою;
  • судьялардың соттан тыс жүктемелерін қысқарту;
  • сот төрелігінің принциптерін мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету;
  • неғұрлым кең тараған даулар санаттары бойынша шешім қабылдаудың ашықтығын, құқықтық айқындылықты қамтамасыз ету  және басқалары болжамдалады.

 

Сатылары

Мерзімі

басталуы

аяқталуы

I саты (2018 жыл)

1.1.1.

Қылмыстық процестің әсіре қатаңдығын төмендету және оны ізгілендіру бойынша, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға балама  шараларды (айыппұлдар, бостандықты шектеу) қолдану аясын кеңейту бойынша ұсыныстар

 

2018 жылдың наурызы

 

2018 жылдың мамыры

1.1.2.

Қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу шеңберінде тергеу соттарының соттылығы

2018 жылдың наурызы

2018 жылдың сәуірі

1.1.3.

Тергеу соттары үшін процесті жүргізу әдіснамасы

2018 жылдың сәуірі

2018 жылдың желтоқсаны

1.1.4.

Судьялардың процестік қызметіндегі бағалау өлшемшарттарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар

2018 жылдың сәуірі

  2018 жылдың желтоқсаны

1.1.5.

Қылмыстық қудалау саласында дәлелдеу стандарттарын, құқық қорғау стандарттарын енгізу бойынша ұсыныстар

2018 жылдың сәуірі

2018 жылдың мамыры

1.1.6.

Қылмыстық процесте медиацияны қолдану саласын кеңейту

2018 жылдың сәуірі

2018 жылдың мамыры

1.2.1.

ӘРПК жобасымен жұмыстағы жобалық басқару (талдаулар, зерттеулер, халықаралық тәжірибе)

2018 жылдың наурызы

2018 жылдың желтоқсаны

1.2.2.

Мемлекеттік органдардың қатысуымен талап арыздар бойынша сот практикасын талдау

2018 жылдың мамыры

2018 жылдың желтоқсаны

1.3.1.

Сотқа кірудің жаңа Қағидасы

  2018 жылдың наурызы

2018 жылдың сәуірі

1.3.2.

Сот актілерін жариялаудың стандарты

2018 жылдың сәуірі

2018 жылдың мамыры

1.3.3.

Сот ісін жүргізудің ашықтығы мәселелері бойынша Нормативтік қаулыға ұсыныстар  

2018 жылдың мамыры

2018 жылдың маусымы

1.4.1.

Аудармашылар қызметінің төлеудің жаңа тарифтері (Үкімет қаулысы)

2018 жылдың сәуірі

2018 жылдың қыркүйегі

1.4.2.

Мемлекеттік тілде сот төрелігін жүргізудің сапасын талдау

2018 жылдың мамыры

2018 жылдың желтоқсаны

2.1.3.

Сот практикасының аналитикалық базасын қалыптастыру және жүйелеу бойынша ұсыныстар (Е-Сотпен бірге)

2018 жылдың сәуірі

  2018 жылдың желтоқсаны

2.2.2.

Сот қателіктері мен теріс пайдаланулардың аражігін ажырату

2018 жылдың сәуірі

  2018 жылдың желтоқаны

3.2.1.

Жекеше қаулылардың, ұйғарымдардың тиімділігін талдау 

2018 жылдың сәуірі

2018 жылдың желтоқсаны

 

3.2.2.

Құқықтарын теріс пайдаланғаны үшін жауаптылық тетіктерін талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар

2018 жылдың сәуірі

2018 жылдың желтоқсаны

 

4.1.1.

Жеңілдетілген азаматтық процесс (бұйрықтық іс жүргізу істерін қысқарту, атқарушылық жазба институтының қолданылуын кеңейту, ЖСО санкцияланған әрекеттерінің тізбесін қысқарту)

2018 жылдың наурызы

2018 жылдың желтоқсаны

II саты (2019 жыл)

 

1.1.7.

Айыптауды төмендету бойынша құқық қорғау органдарына арналған ұсынымдар

2018 жылдың маусымы

2019 жылдың маусымы

1.1.8.

Пробация бойынша пилоттық жоба

2018 жылдың сәуірі

2019 жылдың сәуірі

1.1.9.

Дәлелдеу теориясы бойынша судьяларға арналған оқу курсы, халықаралық лекторларды шақыра отырып курстар ұйымдастыру

2018 жылдың қыркүйегі

2019 жылдың қыркүйегі

 

2.1.1.

Құқық қолданудың жекелеген мәселелеріне бірыңғай (жобалық) тәсіл

2018 жылдың маусымы

2019 жылдың маусымы

2.1.2.

Талдау және кәсіпкерлік қызметпен байланысты істер бойынша сот практикасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу ( «Атамекен» ҰКП-мен бірге)

2018 жылдың сәуірі

2019 жылдың наурызы

2.2.3.

Сот төрағаларының ықпалын барынша азайту бойынша ұсыыстар

2018 жылдың мамыры

2019 жылдың қаңтары

2.2.4.

Шешім қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлықтың «нақты» деңгейі, сот төрағаларының сот төрелігіне ықпал ету дәрежесі бойынша «Атамекен» ҰКП-мен бірге шолу жасау

2018 жылдың маусымы

2019 жылдың маусымы

3.1.1.

Судьялардың процестік әрекеттерін бағалаудың тиімді өлшемшарттарын

2018 жылдың маусымы

2019 жылдың маусымы

3.2.1.

Сот рәсімдерін оңайлату мәселесі бойынша АПК-ға өзгерістер енгізу жөнінде Заң жобасы 

2018 жылдың сәуірі

2019 жылдың қыркүйегі

3.2.2.

Істердің барлық санаттары бойынша процесті жүргізудің сапасын арттыру жөніндегі әдіснама

2018 жылдың сәуірі

2019 жылдың тамызы

3.2.3.

Сот актілеріне кассациялық шағым келтіруді шектеудің мақсаттылығы бойынша ұсыныстар

  2018 жылдың наурызы

2019 жылдың наурызы

3.2.4.

Сот төрелігі академиясымен бірге сот процесін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша судьяларға арналған оқу бағдарламасы

2018 жылдың шілдесі

2019 жылдың шілдесі

3.2.5.

Соттың белсенді рөлін арттыру мүмкіндігіне талдау жасау

2018 жылдың шілдесі

2019 жылдың шілдесі

3.2.6.

Процесті жоспарлау тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар

2018 жылдың шілдесі

2019 жылдың шілдесі

3.3.1.

АПК-ға, ҚПК-ға және басқа заңнамалық актілерге судьяларды даусыз істерді қараудан босату мәселесі бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі Заң жобасы

2018 жылдың мамыры

2019 жылдың қыркүйегі

4.1.2.

Соттағы медиация бойынша пилоттық жоба

2018 жылдың сәуірі

2019 жылдың желтоқсаны

4.1.3.

Процестің барлық түрлері бойынша артық рәсімдер мен сот актілерін қысқарту жөніндегі бизнес-процестер картасы

2018 жылдың маусымы

2019 жылдың қыркүйегі

4.1.4.

ҚМ МКД-мен келісе отырып, мемлекеттік бажды төлеуге арналған бірыңғай БСК (аралық код)

 

2018 жылдың маусымы

2019 жылдың маусымы

4.1.5

Бірыңғай БСК енгізу мәселесі бойынша Салық және Бюджет кодестеріне өзгерістер енгізу жөніндегі Заң жобасы

2018 жылдың маусымы

2019 жылдың маусымы

III саты (2020 жыл)

 

1.1.10.

Пробация институтын кеңейту бойынша процестік заңнамаға ұсыныстар (пилоттық жобаның қорытындысы бойынша)

2019 жылдың қазаны

2020 жылдың қазаны

1.4.3.

Соттардағы аудармашылар қызметі

2019 жылдың қазаны

2020 жылдың желтоқсаны

2.2.1.

Кеңінен түсіндіру нормаларын талдау

2019 жылдың қаңтары

2020 жылдың желтоқсаны

4.1.6.

Жобаның қорытындысы бойынша процестік заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі Заң жобасы

2019 жылдың қаңтары

2020 жылдың желтоқсаны

 

 

Шектеудің атауы

 

Шектеудің сипаттамасы

1

Қаржыландыру

 

Зерттеу, талдау жүргізу, әдіснамасын әзірлеу, бизнес процестерді карталау үшін тиісті қаржылық ресурстар қажет.

2

Адам ресурстары

Бағдарлама шеңберінде іс-шараларды орындау үшін білікті мамандар қажет.

Жорамал атауы

 

Жорамалдың сипаттамасы

 

1

Айыптау төмендетілген

Құқық қорғау органдары қызметінің көрсеткіштерін қайта қарау

2

Азамат пен мемлекет – процестің тең құқылы қатысушылары

ӘРПК қабылдау, әкімшілік соттар құру

3

Процестің жариялылығы құқығы қамтамасыз етілген

сот отырысы залында тәртіп және процеске қатысушылардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтары сақталған жағдайда

  4

Процестегі аударма сапасы жақсартылған

қаржыландырудың болуы

5

Сот қателіктерін анықтау және түзету жүйесі

кеңінен түсіндіру нормаларын анықтау, заңнамаға өзгерістер мен толықтыруар енгізу

6

Сот актілерін шығару кезінде судьялардың теріс пайдаланулары азайған.

құқық қорғау органдарымен, Атамекен ҰКП-мен өзара іс-қимыл

7

Судьялардың процестік әрекеттерін бағалау жүйесін қайта қарау

әлеуметтік сауалнама жүргізу

8

 Сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша судьялардың процестік әрекеттерінің регламенті

Әдіснаманы әзірлеу бойынша білікті мамандардың болуы, Сот төрелігі академиясымен өзара іс-қимыл

9

Процестік құқықтарын теріс пайдаланудан қорғаудың тиімді тетігі

процеске қатысушылар процестік құқықтары мен міндеттерін теріс пайдаланбайды, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

10

Судьяны даусыз істерді қараудан босату

заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

11

 Процестердің барлық түрлері бойынша сот рәсімдері жеңілдетілген(40/60)

 карталау бойынша білікті мамандардың (компаниялардың) болуы, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Image CAPTCHA
Суреттегі кодты енгізіңіз