ҚР ЖС басымдық жобалардың портфелі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Жобаның атауы: «Оңтайлы орта» бағдарламасы шеңберінде Жоғарғы Соттың коммуникациялық стратегиясы.

Өзектілігі: Қоғам мен соттар арасындағы коммуникация деңгейі жеткілікті жоғары емес, соттар әлі толық қоғамның ақпараттық қажеттіліктеріне жауап бермейді. Соттар ақпараттық күн тәртібін орнатпайды, ақпараттық арналардың және қызықты контенттің аздығы байқалуда,  соттарда танымал спикерлердің пулы қалыптаспаған.

Мақсаты: Халықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғам мен соттар арасындағы тиімді қарым-қатынасты орнату.

Қазіргі таңда қоғамда соттарға жоғары ақпараттық сұраныс бар. Әсіресе бұл мәселе әлеуметтік желілердің дамуымен жаңартылды. Нәтижесінде мемлекеттің қызметіне сыни тұрғыда бағалар едәуір артты. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың қолданыстағы құралдары әрқашан қоғамның сауалдарына уақтылы және жоғары сапалы жауап беруге дайын емес. Қоғамның ақпаратпен манипуляциялау қаупі өсті. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының беделі (телеарналар мен газеттер) айтарлықтай төмендеді.

Соттар ұқсас қиындықтармен кездесуде. Жекелеген істерге және сот ісін жүргізудің жалпы үрдістеріне байланысты тұрақты мәселелер бар. Резонанстық сот істеріне қатысты сын жүйелі түрде айтылады. Оның форматы: «Айыптау дәлелденбеді, бірақ сот оған қарамастан айыптайды». Соттар құқықтық мәселелер бойынша ақпараттық үрдістерді белгілемейді, тек «соттар сынауды ақтаумен» айналысады.

Соттар бұқаралық ақпарат құралдарына әлі де жақын емес. Судьялар сот талқылауларының жариялылығын шектеп, бұқаралық ақпарат құралдарын шығарып тастайтын жағдайлар бар. Соттар халықтың ақпараттық сұрауларына қанағаттанарлықсыз және қалаусыз жауап береді. Судьялардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуіне ынталандыру жүйесі жоқ. Нәтижесінде бүгінгі таңда соттарда спикерлердің деңгейі өте төмен. Коммуникациядан бас тарту үшін жауап бермейді.

Жоба нақты шаралар жүйесі арқылы көрсетілген шектеулерді еңсеру, соттармен БАҚ және қоғаммен диалогты  қалыптастыру, тиімді коммуникацияны қалыптастыруға соттарда ынталандыру шараларын арттыру бағытталған.

 
Жоғарғы Соттың байланыс стратегиясы
Жетекші: Б.С. Кальянбеков -   Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Менеджер: Б.О. Шакенова –  Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Әкімші: Ә.А. Ескендіров –  Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Телефон: 8-7172-71-00-75
 
Консультанттар/кураторлар:  
Е.Т. Максюта - Жоғарғы Сот судьясы
 
Е.М. Рахимбеков - Жоғарғы Сот судьясы
 
Р. Ошақбаев  – «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры
 
А.Т. Шайхина – Астана қ. қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты
 
Кіші жоба:
Құзыретті қатысушылар
Ә.А. Ескендіров  -   Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Сот жүктемесін төмендету
Жетекші: Н.М. Мейірманқұлов  –  Талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Менеджер: Ә.К. Махамбетова  –  Талдау және жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Әкімші: А.А. Тұяқова  –  Талдау және жоспарлау бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Телефон: 8-7172-71-01-47
 
Кіші жобалар:
Дауды реттеудің  баламалы тәсілдері
Е.Ж. Жасұланов –  Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының бас консультанты
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Құқық бұзушылықтарды алдын алу
Н.М. Мейірман-құлов  –  Талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

«Коммуникациялық стратегия» жобасының негізгі бағыттары: «Сыртқы ортадағы ақпараттық жұмыс» және «Судьялар мен сот қызметкерлерінің ішкі мотивациясын арттыру».

Жобаның негізгі міндеттері:

  • сот шешімдерін түсіндіру;
  • қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына «ашық сот» жағдайын жасау;
  • БАҚ пен жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау үшін судьялар мен сот қызметкерлерінің ынталандыру шараларын арттыру;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысқа түсуден бас тарту фактісі үшін жауапкершілікті қарастыру;
  • коммуникация арналарын тиімді пайдалану;
  • соттардан беделді спикерлер пулын құру;
  • соттардың ағымдағы қызмет және дамыту үшін ақпараттық күн тәртібін жасау;
  • соттар туралы қызықты контент жасау;
  • сот жүйесін бүкіл республикалық ақпараттық күн тәртібіне қосу.
Image CAPTCHA
Суреттегі кодты енгізіңіз