ҚР ЖС басымдық жобалардың портфелі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Атауы : Сапалы нәтиже (Идеальный результат)

Өзектілік: Сапалы,  дәлелді сот актілері, өтініштерге жауаптар сот билігінің беделін нығайтуға, қоғамның сотқа деген сенімін қалыптастыруға септігін тигізеді. Халықтың сот жүйесіне сенім деңгейінің жеткіліксіздігі, жекелеген сот актілерінің анық еместігі және уәждерінің түсініксіздігі шешімнің әділеттілігіне және судьяның кәсіби деңгейіне күмән келтіреді. Сот актілерінің міндеттілік күшін қамтамасыз ету мәселесі маңызды және өзекті болып табылады.

Мақсат: Сот актісінің беделін, сот ісін жүргізуге қатысушылардың сотқа жүгіну нәтижесімен қанағаттану деңгейін көтеру.

Халықтың соттарға сенім білдіру деңгейінің жеткіліксіздігінің басты себептерінің бірі сот шешімінің түсініксіздігі, азаматтардың өтінішіне берілетін формальді сипаттағы жауаптардың, сондай-ақ сот шешімдерінің уақытында орындалмауы болып табылады.

Қабылданған сот шешімінің уәждері түсінікті және анық, сот шешімінің немесе өтінішке берілетін жауаптың мәтіні анықталған фактілер мен құқық нормаларын тізбектеумен шектелмеуі тиіс.

Сот құжатының уәждемесі іске қатысушы тұлғалардың дәлелдеріне сапалы құқықтық талдауды, оларға заңдық бағаны және сот тұжырымдарының негіздемесін қамтуы тиіс.

Атқарушылық өндіріс толықтай сот актісінің міндеттілік күшін қамтамасыз етуі тиіс, бұл өз кезегінде сот билігінің, толықтай алғанда мемлекеттік биліктің абыройына тікелей ықпал етеді.

 
Басшы: Сламбекова А.К. - азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Хатшылығының меңгерушісі 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Менеджер: Ешанкулов А.Е. – персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Администратор: Ғұсман Г.Т. – азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Хатшылығының консультанты
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Телефон: 8-7172-71-07-51
 
1. Үлгілі сот актісі
Куанова И.З.- отставкадағы судья;
 
2. Өтініштерге сауатты жауаптар 
Ешанкулов А.Е. – персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Екі жобаның консультанттар/кураторлары:
Сапарова А.А. – Жоғарғы Соттың судьясы
 
Шепелева Л.А. - Жоғарғы Соттың судьясы
 
Сисенова Н.У.- Жоғарғы Соттың судьясы
 
Ахметкалиева А.С. – ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумы төрағасының кеңесшісі, ҚР Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанындағы латын графикасы жаңа әліпбиін әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі;
 
Суюндыкова Н.М. – психолог-маман, Қазақстан Республикасында азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы
 
Ельчубаева А. – Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты;
 
3. Тиімді атқарушылық өндіріс 
Саденов М.А. – қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Хатшылығының сарапшысы 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Консультанты/кураторы:
Одинцова М.В. - Жоғарғы Соттың судьясы
 
Мерманкулов Н.М. – талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
 
Алимов Ж.А. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру басқармасының басшысы;
 
Исмаилов Д.Д. – Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушылары республикалық палатасының Басқарма басшысының орынбасары.

«Сапалы нәтиже» жобасы жүзеге асыруды жоспарлайды:

  • модельдік сот актісін жасау;
  • нормативтік қаулыларға өзгерістер енгізу;
  • логика, риторика, лингвистика бойынша оқу бағдарламаларын енгізу;
  • халықтың мемлекеттік органдармен ашық қарым-қатынасын жасауы үшін өтініштерді цифрландыру;
  • кемшіліктердің алдын алу және оларды жою бойынша өтініштерге жүйелі талдаудың механизмін жасау;
  • атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
  • сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау институтын қайта қарау;
  • сот орындаушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым келтіру бойынша істер жөнінде мамандануды тереңдету;
  • сот, сот орындаушылар және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттестігінің ауқымын кеңейтіп, сот актілерін орындаудың ашықтығын қамтамасыз ету.
Image CAPTCHA
Суреттегі кодты енгізіңіз