Сот бір миллиард теңгеден асатын дау бойынша кәсіпкер мен банкті татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Банк заем алушыдан 734 417 960 теңге сомасындағы берешегін 62 көлік құралына, сондай-ақ өндірістік база мен жиһаз салоны түріндегі жылжымайтын мүлікке аудару арқылы өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Заем алушы кәсіпкер қаржылық қиындықтарға байланысты кредиттерін уақытында төлей алмаған, нәтижесінде оның Банкке бір миллиардтан астам қарызы пайда болады.  

Заем алушы сот процесі кезінде қазіргі уақытта тендерге қатысқысы келетінін және Банк алдындағы берешегін ай сайын өтеп отыруға дайын екенін түсіндірген. Сонымен қатар заем алушы істі қарау барысында 250 000 000 теңгесін төлеген.

Осыған байланысты, судья материалдық жағдайын және назар аударуға тұратын басқа да мән-жайларды ескере отырып, тараптарды дауды бейбіт жолмен шешуге шақырды. Нәтижесінде тараптар медиациялық келісім жасады, оған сәйкес заем алушы берешектің қалған 768 634 363  теңгесін төлеуге міндеттеме алды.  Сот талқылауы барысында төленген  250 000 000 теңгені ескере отырып, келісім бойынша берешек сомасы 1 018 634 363 теңгені құрады. Келісімге қол жеткізу нәтижесінде заем алушы кепілге қойылған мүлігін сақтап қалды.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі