4 жылға созылған жер дауы татуласумен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бірінші сатыдағы сот  құмды-қиыршықтасты ұнтақты (ҚҚҰ) өндіріп алумен айналысатын «Альфа» ЖШС-ның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Облыс кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен ЖШС арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, соңғысына  25 жыл мерзіміне жалпы алаңы 7,8 га болатын тау-кен бөлігі   берілген. Алайда сипаттамасы бойынша жер учаскесінің жарты бөлігі төрт бірдей Шаруа қожалығына тиесілі екені анықталды.

Дауды сотқа дейін реттеу мүмкін болмауына байланысты ЖШС сотқа әкімнің ШҚ-ға талапкерге тиесілі жердің шекарасына кіретін жер учаскелерін беру туралы қаулысы мен шешімінің күшін жою туралы жүгінген. Бірақ талапкерге оның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан, бұл оның апелляциялық шағымдануына әкеп соқты. 

Апелляциялық сатыда процесс қатысушылары дауды татуластырушы судьямен шешуге ниет танытты. Сот медиациясының барысында талапкер бір ғана ШҚ-ға наразылық білдіргені анықталды, онымен сөйлесу кезінде, тараптар өзара тиімді шарттардағы медиацияға келді.

Осылайша, аудан деңгейінде шешімін таппаған, әрі ұзаққа созылған жер дауы, процесс қатысушылары үшін қолайлы етіп  реттелді.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі