Медиация - дауласқан тараптардың өзара іс-қимылының жаңа нысаны

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ЖШС жоғалған жүктің 13 455 420 теңге құнын және 403 662,60 теңге сот шығындарын өндіру туралы жеке кәсіпкерге талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

ЖШС жеке кәсіпкердің жүкті өздігінен түсіретін автомашиналардың жаңа 116 жиынтық автошиналарын тасымалдау жөнінде өзіне қабылдаған шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағанын өзінің талабына дәлел ретінде келтірді.

Тараптарға дауды сот талқылауы басталғанға дейін судья-медиатордың көмегімен реттеу ұсынылды. Бұған екі тарап та әзір екендіктерін білдірді. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін, адамгершілік пен ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып әріптестер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Оның шарты бойынша жеке кәсіпкер келісімге қол қойылған күннен бастап 165 күнтізбелік күн уақыт бойы өзара есеп айырысу шартымен талап қоюшының жүгін өз есебінен тасымалдау жолымен ЖШС-нің 13 455 420 теңгесін өтеуге міндеттенді. ЖШС өз кезегінде қойған талаптарынан бас тартатын болды.

Талап қоюшыға өзі төлеген 403 662,60 теңге мемлекеттік баж қайтарылып берілді.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қазіргі заманғы азаматтық-құқықтық қатынастарда медиация тараптардың өзара сындарлы іс-қимылының жаңа нысаны болып табылады. Мұның тараптар үшін белгілі бір артықшылықтары да бар. Олар келіссөздерді жүргізудің тәртібін және қол жеткізілген нәтижелерді іске асыру шарттарын өздері айқындайды.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі