50 миллион теңгеден асатын берешек туралы дау медиация арқылы реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бір ЖШС берешекті өндіру туралы басқа бір ЖШС мен бір азаматқа талап қойып Тараз қалалық сотына жүгінді.

Татуластырушы судья жауапкерлер өздеріне 44 000 000 теңге мөлшеріндегі тауардың ақысы алдын ала төленген сәттен бастап, талап қоюшыға тамақ өнімдерін 2 жұмыс күні ішінде жеткізу жөнінде міндеттеме қабылдағанын анықтады. Алайда, жауапкерлер ақшаны алғаннан кейін тауарды келісілген мерзімде жеткізбеген. Осыған байланысты талап қоюшы олардан ортақ тәртіппен тұрақсыздық айыбы мен сот шығындарын ескере отырып 54 695 391 теңге берешекті өндіріп беруді сұрады.

Тараптар өзара бітімге келіп, медиациялық келісім жасасты. Ол бойынша жауапкерлер келісімге қол қойылған сәттен бастап 2 күннің ішінде 40 265 314 теңгені талап қоюшыға аударуға, ал талап қоюшы -  қойылған талабынан бас тартуға міндеттенді.

Мәселенің осылай шешілуіне екі жақ та разылығын білдірді. Сот ұсынылған келісімді бекітті. 1 450 952 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

Сот жүйесін жаңғырту және Жамбыл облысының соттарына жүгінген азаматтардың арасында медиацияны кеңінен қолдану үшін оларға дауларды баламалы түрде әрі достық ниетпен өзара реттеу жолы ұсынылуда.

Тараптар дауларды өзара келісіп шешудің артықшылығына іс жүзінде нақтылы көздерін жеткізді. Ал мұның өзі істің сотта қаралып, бір тараптың ұтылуына қарағанда әлдеқайда тиімді.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі