Пилоттық жобалар істе

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстың сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытбек Беғалиев Ақсу ферроқорытпа зауытының  жұмыскерлерімен өткен кездесуде еңбек даулары профилактикасының мәселелерін талқылады.  

Кездесуге судьялар, Кәсіподақ орталғының, зауыттың, «Казпрофметалл» өнеркәсіп тау-кен металлургиялық кәсіподағының, «Павлодарэнерго» АҚ локальдік кәсіподағының,  «КSP Steel» ЖШС бастапқы кәсіптік ұйымы, электролиздік зауыты кәсіподақтарының, ЕRGservis кәсіптік комитетінің өкілдері, сондай-ақ келісу комиссиясының мүшелері қатысты.  

Сөз алған, Б.Беғалиев «Еңбек дауларының профилактикасы» пилоттық жобасын таныстырып, оның еңбек дауларының санын азайтуға бағытталған табысты индикаторлары, кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, іс-шаралар, оның ішінде сот отырыстарын өткізу мәселелері туралы айтып өтті.

Зауыт директоры Сергей Прокопьев өз сөзінде жетістіктер мен келісу комиссиясы мүшелерін оқыту бойынша жұмыстарға тоқталды.

Жанжалды сотқа дейін реттеудің ерекшеліктеріне тоқталған сот жүйесінің ардагері Марина Ивановна 170-тен астам еңбек даулары сотқа дейін жетпей, Татуласу орталықтарында өз шешімін тапқаны туралы айтты.

Кездесуге қатысқандар ұжымдарда еңбек дауларын азайту бағытталған нақты әрекеттерді пысықтады, кәсіпорындарда құқық түсіндіру кездесулерін өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Зауытқа шолу экскурссиясын ұйымдастыру кезінде қонақтар кәсіпорын мұражайында болып, цехтардағы өндірістік процестермен жақын танысты.

 

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстанның құқықтық қалыптасу жүйесінде билер институтының рөлі мен мәні туралы талқыға салды.

Іс-шараға отставкадағы судьялар, прокуратура,  адвокатура, полиция, Ардагерлер кеңесінің, облыстық мәслихаттың, облыс әкімдігінің  «Қоғамдық келісім» МҚМ-нің, тілдерді дамыту және ішкі саясат басқармасының, әлеуметтік-техникалық университетінің, «Qostanay» телеарнасының және «Қостанай таңы» газетінің өкілдері және медиаторлар қатысты.

Сөз алған А.Мерғалиев, қазақ даласындағы ерекше құқықтық дәстүрлер күні бүгінге дейін ғылыми-практикалық қызығушылық тудыруда, сонымен қатар

қазіргі Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуда әлі де пайдалануы мүмкін екенін атап өтті. Бұл әсіресе сот төрелігін қалпына келтіру жүйесіне ауысуда еліміз үшін өзекті.

 «Қазақстанда сот төрелігін қалпына келтіру - жаңа тренд, нақты айтқанда бұл уақыт талабы. Қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны артып отырғанын көріп отырымыз, кейде адамдар еш себепсіз де сотқа талап арызбен жүгінуге барып жатады. Бұл қоғамдағы жанжал деңгейінің арта түсуін куәландырады. Егер 2013 жылы республика соттары  1,2 миллион іс қараған болса, ал 2018 жылы - шамамен 4,5 миллион іс пен материал қаралды», - деп сөзін түйіндеді А.Мерғалиев.

Облыстық соттың судьясы Гүлнар Исмаилова, қазақ даласында жүздеген жылдардан бері болған қазақ билер институтын республикамыздағы медиация институтының негізі деп атады.

«Қазіргі заманғы медиация мен билер сотының арасындағы ұқсастықтың бары анық. Билер де қазіргі медиаторлар сияқты туындаған даулар мен жанжалдарды тараптарды татуластыру арқылы шешкен», - деді судья.

А.Мергалиев Жанкелді ауданында Билер кеңесінің табысты жұмыстары туралы ерекше атап өтті, оның құрамына өңірдегі өмірде үлкен тәжірибесі бар беделді ақсақалдар кіреді.

Осы аудандағы медиатор-билер әр ауылдық округте бар, сондықтан тұрғындар аудан орталығына шықпай-ақ олардың қызметін тікелей пайдалануы мүмкін. Судья іс-шараның барлық қатысушыларын өңірлерде даулар мен жанжалдарды  соттан тыс реттеу институтын дамыту бойынша қызметті белсендендіруге шақырды. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушылар татуласуды дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды бекітті, олар барлық мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберілетін болады.   

 

Маңғыстау облыстық соты билер кеңесінің мүшелері Ақтау қаласындағы №20 ОМ ұстаздарымен, ата-аналармен және оқушылармен кездесті.  Кездесуге облыстық соттың отставкадағы судьясы  Гүлжахан Иманғалиева мен  медиатор Сәния Саталиева қатысты.

Кездесу  барысында  Г.Иманғалиева кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғаудағы соттардың практикасымен, отбасы және еңбек дауларын шешудегі билердің  тәжірибелерімен бөлісті.

С.Саталиева өз сөзінде, медиативтік заңнаманың ерекшелігі кез келген дауды татуласу арқылы шешуе отырып, уақытты және қаражатты үнемдеуге, азаматтар арасындағы достық қарым-қатынасты сақтауға ықпал етуінде екенін атап өтті.

Кездесуге қатысқандар спикерге отбасы жан-жалдарына қалай ден қою, сабақты жиі босататын оқушылардың ата-аналарына қандай құқықтық тетіктер қолдану және басқа да  сұрақтар қоя отырып, оларға түбегейлі жауап алды. 

 

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы  Түгел Бекімбетов «Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тіл» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға облыс судьялары, прокурор Еркін Байымбетов, адвокат Еркін Бимеш, Әділет департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушысы Ілияс Есалиев, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұргүл Жақсылыққызы, медиаторлар, әкімдік аппаратының, жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығының, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты.

Сөз алған, Т.Бекімбетов мемлекеттік тілді дамытудың, оның деңгейін және оқыту стандарттарын арттырудың  қажеттілігі туралы баса айтты.

Мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Нұржан Тәштенов және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұргүл Жақсылыққызы «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқарудың, құқықтың, сот ісін жүргізудің және іс жүргізудің тілі», «Құжат дайындауда мемлкеттік тілді қолдану» тақырыптарына баяндама жасады.

Қатысушылар сотқа мемлекеттік тілде келіп түсетін істер санының арта түскені туралы айтты.

«Кез келген елдің мемлекеттік тілі – оның символы мен негізі, сондықтан барлық мемлекеттік қызметшілердің оны білу деңгейі барынша жоғары болыу тиіс», - деді іс-шараны аяқтай келе  Т.Бекімбетов. 

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі