Жоғарғы Сот банктік қарызды бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссия өндіріп алудың түйткілді мәселелері бойынша кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта жоғары сот органының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыровтың төрағалығымен қарыз алушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде жеке тұлғаларға берілген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есепке алу барысында банктік қарыз және микрокредитті бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссияны өндіру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңеске Бас прокуратура, Ұлттық Банк, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, «Ұлттық тұтыну лигасы» РҚБ және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысып, олардың аталған мәселе бойынша ой-пікірлері тыңдалды.

Жоғарғы Сот судьясы Ақылтай Қасымовтың баяндамасынан кейін құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын түйткілді мәселелер, банк заңнамасының ағымдағы шотты ашу және жүргізу үшін комиссия есептеу мен алуға қатысты нормаларын қолдану мен түсіндірудің жекелеген аспектілері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша құқық қолдану тәжірибесіне талдау жүргізіліп, жергілікті соттарға тиісті ұсынымдар әзірлеу туралы шешім қабылданды.

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі