Жамбыл облысындағы сот жеке айыптау шағымы тәртібінде қозғалған қылмыстық іс бойынша ақтау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке айыптаушы С. сотқа өзіне қатысты көрінеу жалған мәліметтер таратып, жала жауып, оның абыройы мен қадір қасиетіне нұқсан келтірген К., О., А.-ны қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі шағымымен жүгінген.  

Сот отырысында жеке айыптаушы 2016 жылдың 01 қыркүйегінде әлеуметтік желіде Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарының сатушыларының үндеуі жазылған 12 минуттық бейнеролигі бар мақала жарық көргендігін көрсеткен. Жеке айыптаушы «Орталық базарының» басшысы С.-ның пікірі бойынша аталған бейнероликте сотталушылар  А. және О. оған қатысты шындыққа жанаспайтын жағымсыз мәліметтер таратқан.

Сондай-ақ, «КТК» телеарнасындағы «Портрет недели» бағдарламасының 02.10.2016 жылғы шығарылымында  А., О. және «Ауыл Береке» базарының басшысы К., С. туралы 30.08.2014 жылы «Ауыл Береке» базарында орын алған көлік өртенуіне тапсырыс беруші болып табылатындығы жайында айтқан.

Қылмыстық істің материалдарын қарап, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, іс бойынша куәгерлерден жауап алып, айғақ заттармен, бейнежазбалармен танысып, сот қылмыс құрамы болмағандықтан сотталушыларды кінәсіз деп тауып, ақтады.

Соттың үкімімен К., О., А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 130-бабының 3-бөлігімен кінәсіз деп танылып, қылмыс құрамы болмағандықтан ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.     

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі