Жалған куәгерлік айғақ берген үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 420 бабының 2 бөлігімен айпталған 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі «С»-ке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 4 бөлігінің 1 тармағымен  көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған ЖД-158/2 мекемесінің қызметкері, полиция  аға лейтенанты «А»-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша арнайы прокурор - Жамбыл облысы прокурорының көмекшісімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 420 бабының 2 бөлігімен көрінеу жалған айғақ бергені үшін куә «С» қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы алдын ала ескертіліп, одан  жауап алынған.

Алайда,  «С»  полиция қызметкері «А»-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша сот мәжілісі өтіп жатқан Тараз қаласының №2 сотына судьяның шақыртуынсыз келіп, өз еркімен куәгерлік жауап беруге ниет білдірген. Сотты дұрыс емес бағытпен жүргізу және «А»-ны қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында, жауаптарын бұрмалап көрінеу жалған мәлімет берген. Яғни, сотталушылар «И» және «Д»-нің  денелерінде  ешқандай дене жарақаттарын көрмегенін айтты. Алайда, Жамбыл облысының прокуратурасында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куә ретінде жауап алынған кезінде кері мәлімет берген. 

Сот отырысы барысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімімен әскери қызметші «С»-ке 5 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі