Ташкентте «Тәуекелділігі жоғары сот процесі” тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың судьясы Нұржан Жолдасбеков, Сот әкімшілігі хатшылығының сектор меңгерушісі Лаура Тұрышева және Бас прокуратураның басқарма бастығы Омар Сауытбаев Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы құқық қорғауды қамтамасыз ету (LEICA) жобасы аясында ұйымдастырылған «Тәуекелділігі жоғары сот процесі”атты үш күндік аймақтық семинарға қатысты.

Іс-шара Ташкентте өтті және Францияның ENM (Ecole Nationale de la Magistrature) ұйымымен бірлесе отырып, Орталық Азияның бес елінің судьялары, прокурорлары, сондай-ақ басқа да сот және құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Қазіргі заманғы терроризм қоғамды лаңкестік шабуылдардан қорғау үшін тиімді, ашық, қауіпсіз және жылдам әрекет етуді қамтамасыз ету үшін сот процедураларын шұғыл түрде бейімдеуді талап етеді.

Қатысушылар көптеген ауыр лаңкестік шабуылдардан зардап шеккен, нәтижесінде ондаған адам құрбан болған Франция мен Испанияның - ЕО елдерінің сот сарапшыларымен білім және практика алмасты.

Қонақ-сарапшылар, атап айтқанда, тек қана терроризм істерін тергеумен және қылмыстық қудалаумен айналысатын мамандандырылған соттар мен прокуратураларды құру арқылы проблемалармен қалай күрес күресетіндіктерін айтты.

Олар сондай-ақ қауіпсіздік пен оқиғалардың кедергісіз дамуы қауіп төндіретін оқиғалар орын алған жағдайды нақты ауызша сот талқылауын жүргізуді дайындау және ұйымдастыру туралы ақпаратпен бөлісті.

Қатысушылар сот процесіне қатысатын барлық тараптардың, әсіресе лаңкестік құрбандары мен олардың отбасыларының тысқары қалмай, құқықтарының сақталуын талқылады.

ЕО-ның Өзбекстандағы елшісі Шарлотта Адриан өз сөзінде «семинар ЕО-ның Орталық Азия аймағында және одан тыс жерлерде қауіпсіздік пен заң үстемдігін қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді» деп атап өтті.

«Орталық Азиядағы құқық қорғауды қамтамасыз ету” жобасы (LEICA) Еуропалық комиссиямен француздық CIVIPOL және словакиялық ISEMI консорциумы арқылы басқарылады. Жобаға Интерпол қолдау көрсетеді.