Талғат Ибрашев - Алматы облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Алматы облыстық сотының судьялар корпусына оның төрағасы Талғат Ибрашевты таныстырды.
Кездесуге Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев, облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде Н.Рахметуллина Талғат Әулиеханұлының кәсіби біліктілігін, заңдылықты сақтаудағы принципшілдігі мен позициясының берік екенін атап өтіп, оның бар күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға жұмсайтынына сенімін білдірді.
ЖС алқа төрағасы одан кейін облыстың судьяларымен өткен кеңесте заң үстемдігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге және кез келген сыбайлас жемқорлық көрінісіне жол бермеу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Анықтама:
Талғат Ибрашев 1969 жылы Қостанай облысында туған.
1995 жылы Орал мемлекеттік заң академиясын бітірген.
1993-1997 жж. - Торғай облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, бөлім бастығы, Торғай облыстық сотының консультанты;
1997-2004 жж.- Арқалық қалалық сотының судьясы, Қостанай облыстық сотының судьясы;
2004-2016 жж.- Қостанай аудандық сотының төрағасы, Қостанай қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, Рудненский қалалық сотының төрағасы;
2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі