Судья Гүлнар Смаилованы құрметті отставкаға шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков салтанатты түрде облыстық сотының судьясын Гүлнар Уатқанқызы Смаилованы құрметті отставкамен құттықтады. Ағымдағы жылдың 27 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отставкаға шығуына байланысты Қарағанды облыстық сотының судьясы лауазымынан Гүлнар Смаилова босатылды.

Гүлнар Смаилова 37 жыл бойы сот жүйесінде қызмет атқарған. Өз еңбек жолын судья 1979 жылдың қазан айынан бастап сот мәжілісінің хатшысы лауазымынан бастаған. 1981 жылдың қазан айынан бастап 1994 жылдың ақпан айына дейін Қарағанды облыстық сотының аға кеңесшісі болып істеген. Кейін, 1994 жылдың ақпан айынан бастап 1996 жылдың қараша айына дейін Қарағанды қаласының Киров аудандық сотының халық судьясының міндетін атқарған. Одан кейін, Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.

Төраға әріптесін көп жылдық жемісті еңбегі және облыстың сот жүйесінің қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін алғыс айтты: «Сіз жоғары кәсіпқойлықтың, қайраттылықтың, парасаттылықтың және әділдіктің айқын үлгісісіз. Сізге денсаулық, бақыт және береке тілейміз. Енді сіздің өз туысқандары мен жақындарыңызға көп уақытыңыз бар. Сіз осыған лайықтысысыз», - деді М. Әлімбеков.

Гүлнар Смаиловамен көп жыл бойы бірге жұмыс істеген әріптестері де осы күні құттықтау мен алғыс сөздерін айтылып, естелік сыйлықтар мен гүлдер табысталды.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі