Сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО-ның Теректі аудандық соты,  «Подстепный ауылдық округі Әкімі аппараты» ММ-нің бас маманына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 653 б. 1 б, сотты құрметтемеушілік белгілері бойынша әкімшілік істі қарады.

Бас маман Подстепной ауылдық округі Әкіміне қатысты азаматтық іске сот отырысының болатын орны мен уақытын біле тұра, ешқандай себепсіз екінші рет сот отырысына кешігіп келіп, салдарынан сотқа қатысушылардың наразылықтарын тудырып, сот отырысын кейінге қалдыруға, сотта аталған күнге тағайындалған істерді қарауға кедергі келтірді.   

Сот мәжілісінде құқықбұзушы өз айыбын толық мойындады. 

Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 653 б. 1 б кінәлі деп танып, оған жеңілдетілген мән жайларды ескере отырып, ескерту  түрінде әкімшілік жаза тағайындады. 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі жауапкершілікке тарту кінәлі тұлғаны моральдық тұрғыдан азаптау немесе азап шектіру емес, оның мақсаты құқықбұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, яғни құқықтық тәртіпке үйрету, сонымен қатар құқықбұзушыға және басқа да азаматтарға жаңадан тәртіп бұзбауға жол бермеу.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі